Шеберлік - кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің каңдай да болсын түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық.[1]
- жұмысқа, ісәрекетке байланысты: белгілі бір көзқарас бойынша жұмыс пен қойылатын талап сапалары; іс-әрекеттің еркіндік деңгейі, жұмыс қалай іске асып жатыр екенін бақылау; оны зерттеуге жұмсалатын уақыт; тәжірибе мен білім деңгейі;
- адамға қатысты: білім барысында және тәжірибе іс-әрекетінде ашылатын адамның қабілеттілігі;
- әлеуметтік құрылыс: әдеттер мен тәжірибе, кәсіподақтар келіссөзі, енбекті Реттеуге байланысты енбектің немесе жұмысбастылықтың кейбір түрлеріне басылатын таңба. Мұның бәрі ақы мен статустың жіктелген нормаларын шақырады. Әдетте істің ресми біліктілігінде бейнеленеді: «білікті», «жартылай білікті», «төмен білікті»;
- кең әлеуметтік мағынада: әлеуметтік факторлардың ең жалпы кабілеттіліктері мен кұзіреттілігі, яғни әлеуметтік өмірге араласу әрқашан «білікті орындау» болып табылады.[2]
Педагогикалық шеберлік
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.[1]
Дереккөздер
- ↑ a b Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9