Шақа — Павлодар облысы Аққулы ауданындағы ауыл, Шақа ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Аққулы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 87 км-дей жерде, Бесқарағай орман шаруашылығы қарайтын қарағайлы орман арасына орналасқан.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
726 |
▼687 |
▼532 |
77,4 |
365 |
▼271 |
74,2 |
322 |
▼261 |
81,1
|
Тарихы
Іргесі 1974 жылы Бесқарағай орман шаруашылығының “Шақа” өндірістік кәсіпорнын құруға байланысты қаланған. Ауылда орман өндірістік кәсіпорны, тағы басқа мекемелер бар. Аудан орталығымен облыстық маңыздағы Аққу-Қазы-Шақа автомобиль жолы арқылы байланысады.
Дереккөздер