Шахбаз Әлімгерейұлы Ершин (1926—2019) – техника ғылымы докторы (1975), професор (1976),Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1984).
Қысқаша өмірбаяны
1956 ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын бітірген;
1956–61 Қазақ энергетика ғылыми-зертхана институтында кіші аға;
1961–74) ғылыми қызметкер;
1974–75 ҚазМУ-да доцент;
1975–78 професор;
1978 жылдан кафедра меңгерушісі болды.
‘’’«Экспериментальное исследование турбулентного газового факела»’’’ деген тақырыпта докторлық диссиртация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері күрделі конвективтік тасымалдау теориясының түрлі саласына және осы теорияның іс жүзінде қолданылатын көптеген тарауларына (сорғы ағыс, газды жалын, қасиеттері айнымалы сұйықтықтар қозғалысы, құйынды құбылыстар, т.б.) арналған. Қазіргі кезде ол газдағы,плазмадағы және сұйықтықтағы алмасу процестерінің өзара әсерлесу проблемасын зерттеу жұмыстарын басқарады, «Гипердыбыстық тура ақпалы ауа-реактивтік қозғалтқыштардың жұмыстық процесін зерттеу» жөніндегі халықаралық жобаның ғылыми жетекшісі. Шахбаз Әлімгерейұлы Ершин 150 ғылыми -зертхана еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы, 1 авторлық куәлігі және 3 патенті бар..[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ энциклопедиясы