Шапық Шөкіұлы Шөкин (01.10.1912, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы 10-ауыл – 4.7.2003, Алматы) – көрнекті қазақ энергетигі, Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі,техника ғылымының докторы (1953), профессор (1956).
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан.[1]
Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). 1937 жылы Омбының С.М.Киров атындағы ауыл шаруашылық институтын бітіріп, Қазақ КСР ауыл шаруашылық электрлендіру мекемесінде бөлім бастығы, бас инженер (1937— 43), Қазақ КСР ҒА энергетика бөлімінің меңгерушісі (1943-44), Қазақ КСР ғылым академиясының энергетика институтының директоры (1944—63) әрі академик- секретарь (1955-62), Қазақ КСР ғылым академиясының президенті (1964—67) және президиум мүшесі (1955—68) қызметтерін атқарды. 1963 жылдан бері Қазақ энергетикалық ғылыми-зерттеу институтының директоры. Ш.Шөкин —Г.М.Кржижановскийдің шәкірті.[2] Ол 1944-50 жылдары Ӏле өзенінің суы мен энергетика қорын комплексті түрде пайдалану мәселесін шама т9рғыдан зерттеді, сөйтіп, Қапшағай бөгені мен Қапшағай су электр станциясын салу ісіне үлкен үлес қосты. 1949-58 жылдары Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мөселесімен Ертіс өзенін бұру негізінде шешуге болатындығын дәлелдеді. Мұның өзі Ертіс-Қарағанды каналының салынуына себеп болды. Ш.Шөкин — Сібір өзендерін Қазақстан мен Орта Азияғa бұру мәселесін ғылыми тұрғыда қарастырған алғашқы ғалымдардың бірі. Оның басшылығымен осы мәселені шешудің тиімді жолдары мен жобалары айқындалды. Ш.Шөкин — 170-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Негізгі еңбектері энергетика және су шаруашылығының болашақ дамуы мен отындық энергетиканың, баланс проблемасына т. б. арналған. Ол Белград (1957), Бангкок (1961), Будапешт (1965), Мәскеу (1968) және Парижде (1971) өткен халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысып, онда Қазақстанның энергетикасы мен су шаруашылығының дамуының бүгінгісі мен келешегі туралы баяндамалар жасады. Ш.Шөкин — КСРО ғылым академиясының комплексті энергетика және су қорларын пайдалану мен қорғау жөніндегі ғылыми кеңестердің мүшесі, Республикалық энергетика және электротехника ғылыми қоғамы председателінің орынбасары Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972). 6-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясының ХӀӀ-съезінде Қазақстан КП ОК мүшесі болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.[3]
Шығармашылығы
- Основы развития энергетики Казахстана, А.-А., 1971;
- Энергетика и водное хозяйство Казахстана, А.-А., 1975;
- Топливно-энергетический баланс Казахстана, А.-А., 1979;
- Параметры и режимы гидроэлектростанции, А.-А.,1983.
Деректі фильм
Ш.Шөкин - режиссері Қалила Умаров. 2013 жыл
Дереккөздер
- ↑ http://qr.pavlodarlibrary.kz/books/literaturovedenie/aldabergenov_bir_tuar_dara_tulgalar.pdf
- ↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- ↑ Қазақстан ұлттық энциклопедиясы