Циклотрон

Циклотрон
Лоуренстiң циклотроны

Циклотрон (цикл және (элек) трон) — иондардың резонанстық циклдік үдеткіші.

Оның басқарушы тұрақты магнит өрісі мен үдетуші жоғары жиілікті электр өрісі (жиілігі тұрақты) болады. Циклотронды 1930 ж. америка физигі Э.Лоуренс ойлап тапқан. Мұндай үдеткіште бөлшек иондар көзі орналасқан орт-тан тұрақты ток электрмагнитінің шетіне қарай спираль траектория бойымен айналады. Сонда бөлшек металл электродтардың — дуанттардың арасындағы саңылаудан ұшып өткенде, жоғары жиілікті электр өрісінен қосымша энергия алады да, үдей қозғалады . Циклотронда протондар 10 — 20 Мэв-қа дейін үдетіледі; қ. Зарядты бөлшек үдеткіштері.[1]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, XVIII том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Zyklotron

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!