Центнер (нем. Zentner, лат. Centenarіus) — 100 бірліктен құралған, centum — жүз) — массаның жүйеден тыс бірлігі. Ол ц (орысша) не q (халықар.) таңбасымен белгіленеді. Центнер мынадай түрлерге ажыратылады:
- метрлік Центнер, ол 100 кг-ға тең;
- британдық ұзын Центнер, ол 112 британдық фунтқа не 50,8023 киллограммға тең;
- британдық қысқа Центнер, ол 100 британдық фунтқа не 45,3592 киллограммға тең.
Ciлтемелер :
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том