Хафиз Таныш, Хафиз Таныш Мир Мұхаммед Әл-Бухари (1549/52 – өлген жылы белгісіз) – ақын, жылнамашы-тарихшы.
Негізгі даңқын шығарған еңбегі «Шарафнаме-йи шахи» («Шах даңқы туралы кітап»). Еңбек ұйқасқа құрылған проза жанрында парсы тілінде жазылған. Автор осы кітапта шайбанид Абдаллах ханның жорықтарын жаза отырып, Келес өңірін көп суреттейді. Қазығұрт тауы туралы да көптеген сөздер айтады. Тек осы кітапта Шарапхана да өзен деп аталады. Сол өзеннің бойында өткен бір қайғылы оқиғаны айтқанда да Шарапхананы өзен деп көрсетеді. Бір жерінде хан Келес өзенінің Рабат-и Чагат маңындағы тұсына келіп, орда тікті деп көрсеткен. Осы Рабат-и Чагат Келестің қай тұсы екені белгісіз. Хан бұдан кейін Сайрамға аттанған. Соған қарағанда бұл қазіргі Рабат аулы да болуы мүмкін.[1]
1583–85 жылдары Абдолла ІІ-нің сарайында тұрып, Абдолланаме атты еңбек жазған. Онда автор көзімен көрген оқиғаларды ресми деректермен толықтыра отырып, талдау жасайды.[2]
Дереккөздер
- ↑ "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9