Питт , Кіші Уильям (28. 5. 1759, Хейс, Кент,—23. 1. 1806, Патни) — Ұлыбританияның мемлекет қайраткері. 1781 ж. парламентке сайланды.[1] 1783— 1801 және 1804—06 ж. премьер-министр. Ресейді әлсірету мақсатымен Питт орыс-түрік соғысын (1787—91) және орыс-швед соғысын (1788—90) тұтандыруға себепші болды. Бүкіл өмірін Ұлыбританияның басты бәсекелесі Францияға қарсы күресуге жұмсады. Ішкі саясатта Питт үкіметі демократия қозғалысты жаныштап отырды. Франциямен Амьен бітім шартын (1802) ;жасауға қарсы шықты. 1804 ж. өкімет басына қайта келіп, Францияға қарсы жаңа коалиция ұйымдастыруға кірісті (1805).[2]