Бұл бет – қазақша Уикипедияның ережелері мен нұсқауларының бір бөлігі.
Осында берілген ережелерге сүйеніңіз. Бетті өңдеудің алдында келісімге сәйкес өзгертулер енгізілгенін қадағалаңыз. Күмән тудыратын жағдайда форумда немесе талқылау бетіне жазып талқылаңыз.
Бір сөзбен айтқанда: Талқылау бетіне қолыңызды қойыңыз, қолтаңбаңыз қарапайым әрі ықшам болсын.
Талқылау беттерінде хабарламаларыңыздың (мақалада емес) соңына қолтаңба қою арқылы сіз талқылауды бастауға жәрдемдесесіз. Осылайша сіз басқа қатысушылардың пікірталас мазмұнын жіті түсінуін оңтайландырып, қажет жағдайда сізбен жеке талқылау бетіңіз арқылы байланысу мүмкіндігін тудырасыз.
Тек қана талқылау беттері мен форумдарда ғана қолтаңба қойыңыз.
Талқылау беттерінің өңдеу терезесінде әдетте төменгідей хабарландыру тұрады:
Бұл талқылау беті, сондықтан хабарламаңыздың соңына қолтаңбаңызды қою үшін (~~~~) дегенді теріңіз немесе өңдеу құралдарындағы қолтаңба белгішесін басыңыз.
Өз қолтаңбаңызды қою үшін хабарлама соңына жай ғана ~~~~ белгілерін теріңіз.
Сондай-ақ -- ~~~~ белгішелерін енгізетін жоғарғы батырмалар панеліндегі батырмасын (ескі панелде ) басуыңызға болады.
Бет сақталғаннан кейін ~~~~ белгішелері автоматты түрде сіздің қатысушы бетіңізге сілтейтін және хабарламаның жергілікті уақыт бойынша қашан жазылғанын көрсететін «Әлдекім 18:40, 2011 ж. желтоқсанның 15 (ALMT)» түріндегі тармаққа айналады.
Қатысушылар тіркелу арқылы өз қолтаңбаларын жекелендіруге мүмкіндік алады. Ол үшін баптаулардағы «Сіздің лақап атыңыз (қолтаңба қою үшін):» алаңына өзгертулер енгізу қажет.
Жеке лақап ат
Егер «Қолтаңбаны уикимәтін ретінде қарастыру» қанат белгісін қоймаған жағдайда «лақап ат» алаңы жай ғана жеке қатысушы бетіңізге сілтейтін сілтеме мәтіні ретінде ғана қызмет ететін болады. Басқаша айтқанда MediaWiki автоматты түрде мәтін сыртына [[Қатысушы:<аты>| және ]] белгісін қояды.
«Лақап атыңыз» бен қатысушы атыңыз бір-біріне ұқсас болуы қажет.
Жеке уики-белгі
Қолтаңбаңыз күрделірек болсын десеңіз төмендегі «Қолтаңбаны уикимәтін ретінде қарастыру» деген қанат белгісін қойыңыз, ал «лақап ат» алаңына қолтаңба орнына өзіңізге қажет уики-мәтінді теріңіз.
«Лақап ат» алаңы (белгіленген қанат белгісі болған жағдайда)
Сауалнама және қауымдастықтың қосымша талқылауларының нәтижесінде қолтаңбаның төмендегідей шарттарға сәйкес болу қажеттілігі мақұлданды:
Үлкен, кіші әріптер мен әртүрлі қаріптерді қолданбаған жөн.
Сурет немесе жалған графикасы болмауы қажет
Үлгілерді қолданбаған дұрыс
Қатысушы бетінде, қатысушының талқылау бетінде және қатысушы үлесінің бетіндегі сілтемелерден басқа сілтеме болмауы қажет
Жоғарыда аталған сілтемелердің тым болмағанда біреуі болуы тиіс
Сондай-ақ:
Қолтаңба түрлі түсті болмауы тиіс
Беттің өзінде және уики-кодта қолтаңба өте ұзын болмауы тиіс.
Қолтаңба қойған кезде қалыпсыз символдарды қолданбаған жөн (мәселен, қытай иероглифтері), егер қолданған жағдайда көптеген қатысушылар мұндай символдардың орнына кішкене шаршылар мен түсініксіз белгілерді ғана көре алады.
Басқа қатысушылар жеке безендірудің көмегімен оларды болдырмау мүмкіндігіне ие болу үшін барлық қосымша стильдерді сілтемелердің ішінде көрсету қажет.
«Бетті сақта» батырмасын басқан уақытта қолтаңба қойылмаған жағдайда қолтаңба қоюды еске салатын төмендегідей хабарлама шығады:
Уикипедия талқылау беттерінде (талқылау беттеріне Уикипедия форумы да кіреді) байланысқа қолайлылық үшін хабарламаның соңына қолтаңба қойылады. Бұл маңызды және міндетті. Бұл қолтаңбалардың көмегімен талқылау қалай өрбігенін, талқылауларға кімдер қатысқанын оқырман оңай түсінеді, талқылауға араласуға көмектеседі. Сонымен қоса хабарламаңызға қол қойсаңыз жеке бетіңіз бен талқылау бетіңізге оңай өтуге мүмкіндік береді.
{{unsigned|Әлдекім|18:40, 2011 ж. желтоқсанның 15}}
— Бұл қолтаңбасыз пікірді жазған: Әлдекім (т · ү) 18:40, 10 2011 ж. желтоқсанның 15
Бетті өңдеу тарихынан қолтаңбаның қойылған күні мен уақытын көшіріп алуға болады. Егер сіз баптаулардағы сағаттық белдеуді нұсқаған болсаңыз, өңдеулер тарихында жергілікті уақыт көрсетілетінін ұмытпаңыз және үлгі үшін оны UTC бойынша түзету қажет.
Сондай-ақ мерзімі мен қатысушыны өңдеулер тарихынан көшіруді оңтайландыру үшін арнайы инвертацияланған дәлелдер тәртібі бар {{unsigned2}} үлгісін қолдануға болады (қатысушы атының алдына | белгішесін қойсаңыз болғаны):
Қою үлгісі
Нәтиже
{{unsigned2|18:40, 2011 ж. желтоқсанның 15|Әлдекім}}
— Бұл қолтаңбасыз хабарламаны жазған Әлдекім (т · ү) 18:40, 2011 ж. желтоқсанның 15