Төлеген Мүсілімұлы Ермеков

Төлеген Мүсілімұлы Ермеков (28 желтоқсан 1936 ж., Алматы қаласы – 8 сәуір 2001 ж., сонда) – техника ғылымдарының докторы (1992), Қазақстан ғылым академиясының корреспонденция мүшесі (1994).

Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сары Танас бұтағынан шыққан.[1]

Қарағанды политехника институтын бітірген (1962). Қазақстан ғылым академиясының Математика және механика секторында аға зертханашы, аға инженер (1962–66), Қазақстан ғылым академиясының Тау-кен ісі инстиутында аспирант, аға ғылыми қызметкер (1966–88) болып қызмет істеген. 1989 жылдан өмірінің соңына дейін осы институтта зертхана меңгерушісі болды.

«Геомеханическое обеспечение устойчивости очистного пространства при разработке мощных пологих рудных залежей камерно-столбовой системой» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми-зерттеулері геомеханика проблемаларына арналған. Ол тау жыныстарын теориясын және тәжірибелік әдістермен зерттеу нәтижесінде тазартпа кеңістігінің тұрақтылығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешті.[2]

Дереккөздер

  1. «Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017
  2. Қазақ Энциклопедиясы


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!