Төлеген Иманғазиев

Алаш орданың батыс бөлігінде саяси қызметтер мен педагогикалық қызметтерді коса атқарған қоғам қайраткері Иманғазиев Төлеген еді. Ол Орал облысы ілбішін уезі Жақсыбай болысы Айтқали ауылында туған. Әкесі Орал - Жымпиты - Ойылды жалғастыратын күре жолдың бойында дең ұстаған лаушы, дәулетті адам болыпты. Дең ұстаған адамның үйіне елдің игі жақсылары коп келеді, сондықтан Төлеген жастайынан төңіректің төрт бұрышынан хабар алып, көзі ашық болып ержетеді. Ол 1887 жылы Гурьев уезіне қарасты Есбол ауылында екі сыныптық болыстық мектебін, онан соң 1890 жылы Орал қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебін бітіреді.

1890-1894 жылдар аралығында Орынборда орыс-қазақ мұғалімдер мектебінде оқып, мектепті алтын медальмен бітіреді. Оқуын аяқтаған соң 1894-1896 жылдары Торғай облысындағы Әулиекөл болыстық орыс-қазақ мектебінде, Алшынбай ауылында, 1896- 1904 жылдары Орынбор орыс-қазақ мұғалімдер мектебінде, 1904-1917 жылдар арасында ел ішінде мұғалім болады. 1904 жылы Жымпиты уезі Соналы болысының басқарушысы болып сайланады. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін өзін- өзі басқару жүйесін құру ісімен шұғылданады. Батыс Алаш орданың оқу-білім комитетіне мүше болып қабылданады. 1918 жылы Қара төбеде өткен үшінші Орал облыстық қазақ съезінің делегаты болады. Алаш милициясының Ойылдағы мектебінде мұғалім болып, Алаш әскерлерін тәрбиелеумен айналысады. 1929- 1937 жылдары Жақсыбай орта мектебінде мұғалім болады.

1937 жылы бұрын болыс болғаны және Алаш орда үкіметіне қызмет еткені үшін «Панисламизмді насихаттаушы, белсенді Алаш ордашыл» деген айыппен тұтқындалып, 1938 жылы 15 ақпанда Орал түрмесінде атылады.[1]

Дереккөздер

  1. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!