Түрікше Уикипедия (түр.Türkçe Vikipedi) — Уикипедияныңтүрік тіліндегі бөлімі. Ол 2002 жылдың 5 желтоқсан күнінен бастап қызмет етіп келеді. 2004 жылы ғана мақала саны 100-ге жеткен болатын.
2007 жылы түрікше Уикипедия «Алтын Өрмекші» (түр.Altın Örümcek) марапатын ұтып алды.
2007 жылдың наурыз айында мақала саны 50 000 жетіп, 25-ші орынға көтерілді.
Қазіргі уақытта түрікше Уикипедияның мақалалар саны 627 126. Тіркелгендер 1 637 288, олардың 2762 соңғы 30 күнде әлдебір іс-әрекет жасаған, ал 22 қатысушы админ дәрежесіне ие. Жалпы өңдеу саны - 34 612 544. Тереңдігі жағынан үлкен бөлімдегі Уикипедиялар арасында түрікше Уикипедия жақсы көрсеткішке ие. Мақаларға көп өңдемелер жасау жағынан 5-орында тұр[1].
Түркі тілдес Уикипедия бөлімдерінің мақала саны бойынша барлық түркі тілдес Уикипедия бөлімдерінің қосынды көрсеткішінен өзара үлесі суретте (төмендегі) көрсетілген.