Тоқсанбай – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км-ге созылып жатыр, ені – 0,5 км. Ең биік жері – 391 метр.
Геологиялық құрылымы
Ордовик жүйесіндегі жыныстардан түзілген.
Өсімдігі
Ашық қызыл қоңыр сортаң топырағында жусан, көде, бетеге, сүлыбас, бидайық, тобығы өседі.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5