Торайғыр – Іле Алатауының шығыс сілеміндегі тау.
Географиялық орны
Шарын және Шілік өзендерінің су айырығында. Ең биік жері – Қарағайлы тауы (2469 м). Батыстан шығысқа қарай 42 км-ге созылған, ені 10 – 12 км. Солтүстігінде Сөгеті аңғары, оңтүстігінде Жалаңаш аңғары орналасқан.
Геологиялық құрылымы
Силур мен девонның құм тастарынан және палеозойдың эффузиялық шөгінді жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі
Баурайында жусан, бетеге, көде, беткейлерінде арпабас, бидайық, өзен аңғарында жабайы алма ағашы, көктерек, итмұрын, т.б. өседі. Торайғыр етегінде қыстаулар (Көртоғай, Көлбастау, Торыайғыр, т.б.) мен қоныстар орналасқан. Шығысында өзімен аттас асу (Торайғыр (асу)) бар. Ол арқылы Алматы – Нарынқол автомобильдік жолы өтеді.[1]
Дереккөздер