Торайғыр — Ертіс алабындағы көл.
Географиялық орны
Павлодар облысының Баянауыл ауданы Баянауыл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км жерде, Ақбет тауының етегінде орналасқан.
Аумағы
Ауданы 0,88 км2, ұзындығы 1,8 км, ені 0,6 км. Орташа тереңдігі 3,1 м. Суын оңтүстігінде таулы (абсолюттік биіктігі 800-1000 м), солтүстігінде ұсақ шоқылы (салыстырмалы биіктігі 15-50 м) алаптан жинайды.
Жер бедері
Көл тектоникалық ойыста пайда болған, жағасы жақпартасты, тік. Суында мөңке, алабұға, т.б. балықтар кездеседі. Көл – осы өңірде туып-өскен қазақтың белгілі ақыны С.Торайғыровтың есіміне байланысты жерлердің бірі. Ақын бейіті осы көлдің маңында.[1]
Дереккөздер