Теодор Лазаревич Золотарев (16.8.1904, Украина, Одесса облысы Гросулово селосы – 10.4.1966, Ресей, Мәскеу қаласы) - техника ғылымдарының докторы (1937), профессор (1935), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1963).
- 1927 жылы - Грузия политенхникалық институтын бітірген, Әзірбайжанда инженер жұмыста болды.
- 1927–1932: Әзірбайжан мұнай институтында доцент, кафедра меңгерушісі, Бүкілодақтық энергетикалық және электр станциялары ғылыми-зертеулік институтында (Мәскеу қаласы) гидроэнергетикалық ресурстар тобының жетекшісі, КСРО ғылым академиясының Су шаруашылығы мәселелері секциясы төрағасының орынбасары, төрағасы, КСРО Электр станциялары халкоматында оқу орындары бас басқармасының бастығы,
- 1932–1962:Мәскеу энергетикалық институтында доцент, кафедра меңгерушісі, декан, директордың орынбасары,
- 1963–1966:Қазақ энергетикалық ғыл-зертеулік институтында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері гидроэнергетикалық және су шаруашылығы салаларына арналған. Золотарев Теодор Лазаревич еліміздің ірі өзендерін кешенді түрде пайдалану жолдарын, гидротехниканың теориялық негіздерін зерттеді, су электр станцияларының гидродинамикалық моделін жасады.
- «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
Шығармалары
- Гидроэлектроцентраль в энергосистеме, М., 1939;
- Гидроэнергетика, М., 1950;
- Энергетика мира, М., 1959.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы,4 том 3 бөлім