Тарбағатай көшесі.
Көшеге Шығыс Қазақстан облысыКатонқарағай ауданында орналасқан, Алтай тау
жүйесіндегі жотаның атауы (Алматы қаласы мәслихаттың 4.04.2001 Ме 200 шешімі
мен Алматы қаласы әкімінің 9.04.2001 № 200 қаулысы) берілген.
Көше Медеу ауданында орналасқан. Жиренше, Қызылжар, Бішкек, Ақжайық,
Ақмешіт, Келес атындағы көшелермен қиылысады. Бұрынғы атауы - 12-ші көше.
Көшенін ұзындығы - 1500 метр.[1]