Тактика (грекше taktiks — әскерді сапқа түрғызу өнері tasso - сапқа түрғызамын, қатарластырамын) - экономикалық (мысалы, несие-қаржылық, бәсекелік), әлеуметгік және басқа саясатта алға қойылған мақсатқа жету үшін қолданылатын құралдар мен тәсілдер; іс-қимыл желісі. Тактика — шектеулі кезең бойына (әдетте, бір жылдан аз мерзімге) нақты жағдайдың дамуын егжей- тегжейлі нақты жоспарлау. Мысалы, алдын-ала жасалған коммерциялық ұсыныстар, жаңа өнімді нарыққа өткізу үшін бірнеше ай бойына жүргізілетін жарнамалық науқан, т. б. Термин әскери істе ұрысқа дайындалу және оны жүргізу теориясы мен практикасын қамтитын әскери өнердің құрамдас бөлігі ретінде кеңінен қолданылады. Тактика стратегияға бағынышты, оған қызмет етеді.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2