Сәлімгерей Сейітханұлы Жантөрин

Сәлімгерей Сейітханұлы Жантөрин (1875 жыл, бұрынғы Уфа губерниясы Стерлитамак уезі — 14.05.1926, сонда) — қоғам қайраткері, 20 ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі.

Өмірбаяны

Әкесі - Сейітхан Ахметұлы Жантөрин

Жантөрин өз қаражаты есебінен “Ғалия” медресесіне жәрдем ретінде 20 мың сом қаржы бөлді. Түрлі оқу орындарында оқитын қазақ жастарына көмек көрсетіп тұрды. 1911 жылы түркі тілдеріне енген араб-парсы сөздері жайлы кітап шығарды. 1914 жылдан Санкт-Петербург қаласында татар тілінде “Миллят” газетін шығаруды қолға алды.

  • 1916 жылы Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының жанындағы бюрода қызмет етті. Онда ана тілінде оқыту мәселесіне көп көңіл бөліп, ол жөнінде мұсылман фракциясына нақтылы ұсыныстар жасады. М.Шоқаев, С.Мақсұдов, А.Салихов секілді қайраткерлермен бірге майданның жұмысына Түркістан өлкесі мен Қазақстаннан алынған адамдардың хал-ахуалы жайлы мәліметтер жинастырып, оларды мұсылман фракциясына жеткеріп тұрды.
  • 1917 жылғы Ақпан төңкерісі нәтижесінде патша өкіметі құлатылғаннан кейін қалыптасқан жағдайға сай империядағы түркі тілдес мұсылман халықтарының саяси іс-әрекеттерін бір ізге түсіріп, үйлестіріп отыру үшін Бүкілресейлік мұсылман съезін өткізу керектігін жақтады. Осы жылы Уфа губернаторынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Еділ-Орал автономиясының өлттық жиналысына депутат болып сайланды. Алашорда үкіметіне қолдау танытып, оның жетекшілерімен тығыз қарым-қатынаста болды.[1][2]

Дереккөздер

  1. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
  2. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!