Сұлтанбек Мырзахметұлы Қожахметов

Сұлтанбек Мырзахметұлы Қожахметов (15.9.1935 жылы туған, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1978), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1983).
Мәскеудің алтын және түсті металдар институтын бітірген (1958). 1971 – 81 жылы Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары 1988 – 95 жылы директоры (1982 – 87 жылы Қазақстан ғылым академиясының вице-президенті), 1994 – 99 жылы ҚР ҰҰА-ның Жер туралы ғылымдар бөлімшесінің акад.-хатшысы.
2000 жылдан Металлургия және кен байыту институтының құрметті директоры. Негізгі ғылыми еңбектері металлургия мәселелеріне арналған. Қожахметов – ауыр түсті металдар мен оларға ілеспе элементтер теориясы бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізді; оның тікелей қатысуымен және ғылыми жетекшілігімен мыс металлургиясында тиімділігі жоғары және жаңа автогенді процестердің физико-химиялық негізі зерттелді.
Жоғары температуралы зерттеулер саласында тұңғыш рет термиялық орнықсыз металл сульфидтерінің (мырыш, кадмий және рений) төте булануы (возгонка), тотығу процестерінің кинетикасы мен механизмі жасалды. Қожахметовтың жетекшілігімен Қазақстан және Ресей ғалымдары бірігіп ашқан автогенді процестің жаңа әдісі – кивцэттік балқыту әдісі мыс қорыту заттарында кең қолданыс тапты. Осы еңбегі үшін авторлар ұжымымен бірге Қ-ке КСРО Мемл. сыйл. берілді (1978). 11-сайлауда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. “Халықтар достығы” орденімен және медальдармен марапатталған.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!