Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы Қожықов (1923 жылы 10 наурызда Таразда - 1988 жылы 11 наурызда Алматыда) — кеңестік танымал кинорежиссер. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1970). Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының иегері (1972).
Өмірбаяны
- Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы 1923 жылы 10 наурызда Таразда дүниеге келген. Қорасан қожа руынан шыққан.[1]
- Соғыстан оралғаннан кейін мерзімді басылымдарда карикатуралары мен саяси тақырыптағы суреттерін жариялай бастады.
- Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссер факултетін (А.Довженко шеберханасында) бітірген.
- 1952 жылдан “Қазақфильм” киностудиясында режиссер.
- 1974 жылдан көркемдік жетекші болып істеді. Осында өз сценарийі бойынша, жас ұрпақ тәрбиесі мәселесін қозғайтын “Ана мен бала” атты тұңғыш көркем фильм түсірді (1955). Тарихи және заманауи тақырыптарда “Біз Жетісуданбыз” (1958), “Егер біздің әрқайсымыз” (1961, екеуінің де сценарийін жазуға қатысқан), “Шыңдағы шынар” (1965) фильмдерін қойды. 1970 жылы Қожықов өзінің басты жұмысы – “Қыз Жібек” фильмін қойды. 1985 ж. Қажымұқан жайлы “Бізді танып қойыңдар” көркем фильмін түсірді.
Фильмографиясы
Режиссер ретінде
Сценарист ретінде
Марапаттары
Дереккөздер