Сібір хандығы

Сібір (Түмен) хандығы
Мемлекет
1430 (1468) — 1598 (1607)



Астанасы Чинги Тура
Қашлық
Тіл(дер)і Түркіше (әдеби)
Халқы сібір татарлары, башқұрт тайпалары, хантылар мен мансилер, қазақ тайпалары және т.б.)
Мирасқорлық
Әбілхайыр Ордасы
Орыс патшалығы

Сібір хандығы, кейде Түмен хандығы, Шибан Ордасы (сіб. тат. Себер ханлыгы, Себер йорты, орыс. Сибирское царство, Сибирский юрт, Шибанская Орда) — XV ғасырдың екінші жартысында Батыс Сібірде Алтын Орданың құлдырап, одан Шибан ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған феодалдық мемлекет. Сібір (Түмен) хандығы Пермь жерімен, Қазақ Ордасымен, Маңғыт жұртымен шектесті. Солтүстігіндегі шекарасы Обь өзенінің төменгі ағысына, ал шығыста Ала Ордаға (орыс деректері бойынша - Пегая Орда) дейін жететін.

Саяси тарихы

Бастауы

Каталон атласындағы Sebur қаласы (1375)

«Сібір» терминін ең алғаш Жошының 1206 жылы «Shibir» жерінен оңтүстікке қарай орналасқан орман тайпаларын бағындыруы жайлы жазылған, 1240 жылы жарық көрген «Моңғолдардың құпия шежіресінде» кездестіреміз. Алайда ғалымдар «Сібірдің» қамтыған аумағын сенімді түрде нақтылай алмауда. Палладидің тұжырымына сәйкес - бұл Барабы жазығының солтүстігі (Ертіс пен Обь арасы). XIV ғасырда Сібір хандығының болашақ астаналары батысеуропалықтардың карталарында кездесе бастайды: Қашлық «Sebur» ретінде венециандық ағайынды Пицциганилердің картасында (1367), ал Чинги-Тура «Singui» ретінде Каталон атласында (1375). Сібір (Түмен) хандығының құрылуына негіз болған әкімшілік-саяси бірлікті анықтау барысында екі негізгі пікір қалыптасты.

Тайбұға иелігі ретінде

XIII-XV ғасырлардағы Батыс Сібір жерінде біршама түрік тайпалары мекен етті. Моңғол шапқыншылығынан кейін Батыс Сібір Алтын Орда құрамына кіріп, Шибан әулиетінің жері саналғанымен, елді басқару Тайбұға заманындағы түрік шонжорлары әулетінің қолында болды. Тайбұға Шыңғысханның құрметіне өзінің астанасы Тура қаласын Чимги-Тура деп атаған. Қазір ол қаланың орнында Түмен қаласы орналасқан. 1428 жылы Батыс Сібірді Әбілқайыр хан басып алды.

Шибан ұлысының құрамында

Жошының бесінші ұлы Шибан ұлысты екі рет иеленді:

  • 1227 жылы Шыңғыс хан Батый мен Орда Ежен хан арасындағы дау-дамай кезінде Жошы ұлысын 3-ке бөліп, Шибанға «Боз Орданы» берді.
  • 1246 жылы моңғолдардың «Батыс жорығынан» кейін Батый ұлысты 14 бөлікке бөлді.

Ұлыстардың құрамы мен шекарасы жиі өзгеріп отырды. Алайда Шибан ұрпақтары ұлысты сақтап қалды. Өзбек ханның реформаларынан кейін Шибан ұлысы өз шекарасын өзгеріссіз сақтап қалған жалғыз әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде белгілі.

Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468)

Көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі Әбілхайыр хан (1428-1468)

Түменнің (Чинги-Тура) шеткі аймақтық статусынан «көшпелі өзбектер мемлекетінің» астанасына айналуы шибан әулетінің өкілі Әбілхайыр ханның тұсына сәйкес келеді. Қала келесі 18 жылға (1428-1446) мемлекеттің елордасына айналады. «Чинги-Тура уәлаяты» термині дәл сол кезеңде пайда болған. «Шыңғыснама» мен «Нүсретнама» еңбектерінде түмен хандарына Қазан қаласы бағынғаны туралы дерек кездеседі.

Түмен хандығы (1468-1508)

Ибақ ханның Ұлы Орданың билеушісі Ахметті өлтіруі. Бейнелі жылнамалар жинағы.

Түмен хандығы дербес мемлекет ретінде XV ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Оның алдында «Ібір» атауымен Алтын Орданың құрамында еді. Тобыл өзенінің орта ағысында орналасқан. Ақ Орда, шибан, тайбұға билеушілерімен ұзаққа соғылған тартыстың нәтижесінде мемлекеттегі жоғарғы билікті Ибақ иеленді. 1471 жылы ноғай мырзаларымен, Ұлы Орданың билеушісі Ахмет ханмен, қазақ билеушілерімен (Керей мен Жәнібек) одақ құрған Ибақ Әбілхайыр ханның мирасқоры Шайх-Хайдарды жеңді. Ал 1481 жылдың қаңтарында ноғай мырзалары Мұса және Жаңбыршымен бірігіп, Ұлы Орданың ханы Ахметті өлтірген. Ноғай мырзаларының қолдауына ие болған ағайынды Ибақ хан пен Мамық сұлтан 1492 жылы Қажы-Тарханды (қазіргі Астрахань) сәтсіз шабуылдады. Жорықтың нәтижесіз аяқталуына қырым ханының көмек бермеуі себеп болды.

Мамық ханның Қазан қаласын шабуылдауы. Бейнелеі жылнамалар жинағы.

Ағайынды Ибақ пен Мамық тұсында Түмен хандығы өзінің шарықтау шегіне жеткен. Тарихи деректерде Ибақ түмен, ноғай, қазан және Шибан әулетінің ханы ретінде белгілі. Сібір жылнамаларына сәйкес Ибақ хан 1495 жылы (кейбір деректер бойынша 1493) тайбұғалық Мұхамедтің қолынан қаза тапқан. Алайда бұл деректер 1620-шы жылдардың жазбаларында кездескендіктен, ғалымдар ортасында дау-дамайларға алып келді. Ибақтың өлімінен кейін билікті өз қолына алған Мамық астананы Қашлыққа (Сібір) көшірді. 1495-1496 жылдары ноғай және қазан бектерінің көмегімен Қазан тағына отырды (1495-1497). Мемлекетті басқарудағы қатыгездігі жергілікті саяси және экономикалық топтардың наразылығын тудырды. Мамық ханның сәтсіз жорығынан кейін қазан бектері оған қаланың қақпасын ашпай қойды. Түмен хандығына қайтуға мәжбүр болған хан жолда қайтыс болды.

Ескер жұрты (1508-1563)

1549 жылы жарық көрген Сигизмунд фон Герберштейннің картасындағы Сібір иелігі (Sibier Provincia)

Мемлекеттегі дағдарыс Мамықтың өлімінен кейін хан тағына отырған Ағалақтың тұсына сәйкес келді. «Кіші мұз дәуірі» көшпенді халықтың Орта Азияға қоныс аударуына алып келді (шамамен 250-400 мың). Халықтың бірінші тобы 1490-шы, ал екінші тобы 1510-шы жылдары көшті. Халық санының күрт кемуі саяси дағдарысты тудырды. Тақ үшін талас шиеленісе түсті. Ибақ ханның ағасы Ағалақ Ноғай Ордасына бет алып, Мәскеу билеушілерімен қарым-қатынас орнатты. Хан тағына отырған Құтлық 1506 жылдан бастап «Түмен және Сібір ханы» ретінде белгілі. Алайда сыртқы саясаттағы сәтсіздіктер мен климаттың әсері 1510-1511 жылдары бірнеше ұлыстың Орта Азияға көшуімен аяқталды. Биліктен Шыңғыс ұрпақтарын ығыстырған тайбұғалық Мұхаммед Ескер жұртының негізін қалады. Тайбұға әулеті мемлекеттің жаңа билеушілеріне айналды. 1555 жылы тайбұғалық билеуші Едігер өзінің Орыс патшалығына тәуелділігін мойындады.

Көшім ханның тұсындағы Сібір (Түмен) хандығы (1563-1598)

Э.Дженкинсон картасының негізінде құрылған Абрахам Ортелидің 1570 жылғы картасындағы Түмен (Сібір) хандығы (TVMEN)

Едігердің орыс патшасының қол астына өтуі Шибан әулеті өкілдерінің наразылығын тудырды. 1555-1563 жылдары Мәскеуде Едігердің, Мұртаза мен оның ұлдары Ахмет-Керейдің, Көшімнің елшілері келіссөздер жүргізген. Орыс патшасы IV Иванның ноғай биі Исмаилге хатына сәйкес хан тағына 1563 жылы Мұртазаның үлкен ұлы Ахмет-Керей отырды. Шибан әулетінде қалыптасқан дәстүр бойынша ағайынды хандардың біреуі саяси, ал екіншісі әскери функцияларды атқарған. Көшім хан 1560-шы және 1570-ші жылдары шығысқа ұйымдастырған жорықтарының нәтижесінде Қызыл-Тура мен Есілдің сағасынан бастап, Ом өзені, Барабы даласы, Обь маңындағы жерлерді басып алды. Жергілікті тайпалардың билеушілерімен одақ құрып, төленетін алым-салықтың мөлшерін бекітті. Жаңа шекаралардың бойында кішігірім қалашықтар салдыртты, ал саяси жағдайы тұрақсыз аймақтарға сенімді адамдарын жіберген. Барабы даласында ханның өкілі ретінде ордасы Тон-Тура қаласында (орыс. Воскресенское городище) орналасқан Боян би белгілі. Обь өзенінің жоғары ағысында мекендеген қалмақ тайпалары Көшім ханның одан әрі шығыс аймақтарды бағындыруына кедергі болды.

Көшім ханның Едігер мен Бекболат бастаған әскерімен шайқасы

Көшім хан 1569-1570 жылдары қазақ ханы Хақназарға қарсы әскери жорық ұйымдастырған. Ноғай билеушілеріне жөнелтілген орыс елшісі Семен Мальцевтің Мәскеуге жазған хатына сәйкес 1569 жылы Хақназар хан, Шығай және Жалым сұлтандар бастаған әскер Ноғай ордасын шабуылдаған. 1570 жылы қазақ ханы басып алған жерлерінен шегініп, ноғай мырзаларымен, түмен (сібір) ханымен бітімге келген. 1570-ші жылдары Түмен (Сібір) хандығының майдан даласындағы белсенділігі батысқа ауысты. Оралдың арғы бетін басып алған Көшім Пермь жерін және салынып жатқан жаңа орыс қалаларын жиі шабуылдаған.

Сібір ханы Көшім Ресейдің шығысқа қарай ұмтылуына кедергі жасауға тырысты. 1574–1575 жылдары Сібірге барлауға жіберілген Иван Грозныйдың отрядын Көшім хан қырып тастайды. 1582 жылы Көшім әскерлері атаман Ермактың отрядынан жеңіледі. 1582 жылдың күзінде атаман Ермак 600-ге жуық казагымен Ескер қаласына шабуыл жасайды. Көшім әскері жақсы қаруланған Ермак отрядынан жеңіледі. 1584 жылы Көшімнің адамдары Ермакты өлтіреді. 1598 жылы орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім жеңіліп, Шығыс Қазақстан жеріне қашады. Сібір хандығының Мәскеу мемлекетінің құрамына кіру үрдісі басталды.

Мемлекетті басқару жүйесі

Сібір хандығы көпұлтты саяси бірлестік еді. Жоғарғы билеуші – хан. Ханды бектер, мырзалар, тархандар сайлайтын. Мемлекеттік құрылым жартылай әскери сипатқа ие болған. Хандықты басқаруда хан уәзірге (қараша мен кеңесші) арқа сүйеген. Сібір хандары ұлыстарды басқарып отырған мырзалар мен бектердің жұмысына араласа қоймайтын. Әскери олжаға қызығушылық танытқандықтан, мырзалар мен бектер соғыстар мен жорықтарға белсене қатысатын. Түркітілдес феодалдар қатарына ханты және мансы тайпалары феодалдарының бір бөлігі жатқан. Алайда, түркітілдес емес тайпалар, негізінен, тәуелділік жағдайында болды. Сібір хандығында туған осындай қарама-қайшылықтар мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізді.

Халқы мен экономикасы

Баттиста Аньезенің 1525 жылғы картасындағы Шибан әулетінің иелегі (Sciabani tartari)

Түркітілдес тайпалар, негізінен, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен, балық аулаумен, аңшылықпен айналысатын. Осыған қарамастан, археологтар Тобыл мен Ертіс алқаптарында отырықшылық өмірдің белгілерін тапқан. Сол аймақтарда үй шаруашылығы, тоқыма, метал өңдеу, қыш-құмыра өнеркәсібі дамыды. Сібір хандығының негізгі әкімшілік және әскери орталықтары: Қызыл-Тура, Қасым-Тура, Явлу-Тура (қазіргі Ялуторовск қаласы), Тонтур.

Көшімнің кезінде Сібір хандығында көптеген қамалдар мен бекіністер, ғимараттар салынады. Көшімнің тұсында Сібір халқы ислам дінін қабылдайды. Сібір хандығында, негізінен, сауда мен аңшылық дамыды.

Сібір хандығындағы қалашықтар мен елді-мекендер

Әскері

Сібір отрядтарынан өзге Сібір хандығы жорықтары кезінде жергілікті тайпалардың жауынгерлеріне арқа сүйеген. Сібір әскерінің нақты санын анықтау қиын. Алайда, Абалақ өзенің бойындағы шайқаста Көшім ханның ұлы Мәметқұл бір түменді (10 мың адам) басқарған. Хандықтың әскері орталықтандырылмағандықтан, орыс әскерлеріне қарсылық көрсете алмады. Көшім хан қол астына ноғайлардан құралған кішігірім отряд жасақтаған. Сібірдің көптеген князьдері гарнизондармен нығайтылған қалашықтарда тұрған. Сібір хандығының жауынгерлері майдан даласында садақ, қылыш, найза, айбалталарды кеңінен қолданған. Ал қорғаныс құралдары ретінде дулыға, сауынттың алуан түрін кездестіреміз.

Сібірдің билеушілері

Сібірдің моңғол шапқыншылығына дейінгі билеушілері

  • Он-Сом хан
  • Тайбұға (1220-белгісіз)

Шибан ұлысы

  • Шибан (1243 жылдан бастап)
  • Бахадүр хан (1266-1280)
  • Жошы-бұға (1266-1280)
  • Мың-Темір (1359 жылға дейін)
  • Болат-Темір (1359-1367)
  • Әлібек хан (1367-1375)
  • Қағанбек (1375-1380)
  • Дәулет шейх (1382 жылға кейін)

Тоқа-Темір әулеті

Көшпелі өзбектер мемлекеті (Әбілхайыр ордасы)

Түмен хандығы, Ескер (Сібір) жұрты

Әдебиет

  • Атласи Х. История Сибири. — Казань: Татар. кн. изд-во, 2005. — 96 с.
  • Греков Б. Д., Якубовский А. Ю. Золотая Орда и её падение. — 2-е изд. — М.—Л.: Изд-во АН СССР, 1950. — 10 000 экз.
  • Егоров В. Л. Историческая география Золотой Орды в XIII-XIV вв. — М.: Наука, 1985. — 11 000 экз. Архивная копия от 10 апреля 2008 на Wayback Machine
  • Исхаков Д. М. Тюркско-татарские государства XV—XVI вв. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2004. — 132 с. — (Biblioteka TATARICA). — 500 экз.
  • Маслюженко Д. Н., Рябинина Е. А. Реставрация Шибанидов в Сибири и правление Кучум хана во второй половине XVI века // Средневековые тюрко-татарские государства / Отв. ред. И. К. Загидуллин. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2009. — С. 97—111. — 232 с. — 500 экз. — ISBN 978-5-98245-048-7.
  • Матвеев А. В., Татауров С. Ф. Сибирское ханство Кучума царя. Некоторые вопросы государственного устройства // Средневековые тюрко-татарские государства / Отв. ред. И. К. Загидуллин. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2009. — С. 112—117. — 232 с. — 500 экз. — ISBN 978-5-98245-048-7.
  • Миллер Г. Ф. История Сибири. — М.—Л.: АН СССР, 1937. — Т. 1.
  • Миллер Г. Ф. История Сибири. — М.—Л.: АН СССР, 1941. — Т. 2.
  • Мухамедьяров Ш. Ф. История Сибири с древнейших времен до наших дней. — Л., 1968. — Т. 1. — С. 353—372.
  • Похлёбкин В. В. СИБИРСКОЕ ХАНСТВО. Отношения между Сибирским ханством и Русским государством (1555-1598 гг.) // Татары и Русь. — М.: Международные отношения, 2000. — С. 149—160. — 192 с. — ISBN 5-7133-1008-6.
  • Сабитов Ж. М. Генеалогия Торе. — 3-е изд. — Алма-Ата, 2008. — 326 с. — 1000 экз. — ISBN 9965-9416-2-9. Архивная копия от 27 января 2012 на Wayback Machine
  • Сибирские татары. Монография / Отв. ред. С. В. Суслова. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2002. — 240 с. — 500 экз. — ISBN 5-94981-009-0.
  • Скрынников Р. Г. Ермак. — М.: Просвещение, 1992. — 160 с. — 150 000 экз. — ISBN 5-09-003828-7.
  • Соболев В. И. История Сибирских ханств : По археолог. материалам. Дис. д-ра ист. наук: 07.00.06. — Новосибирск, 1994.
  • Султанов Т. И. Чингиз-хан и Чингизиды. Судьба и власть. — М.: АСТ:АСТ МОСКВА, 2006. — С. 285—290. — 445 с. — (Историческая библиотека). — 5000 экз. — ISBN 5-17-0358040.
  • Трепавлов В. В. Ногаи в ханствах Шибанидов // История Ногайской Орды. — М.: Восточная литература, 2002. — С. 90—139. — 752 с. — ISBN 5-02-018193-5.
  • Тычинских З. А. К вопросу об административно-политическом и территориальном устройстве Сибирских татар в XVI-XVIII вв. // Средневековые тюрко-татарские государства / Отв. ред. И. К. Загидуллин. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2009. — С. 172—182. — 232 с. — 500 экз. — ISBN 978-5-98245-048-7.
  • Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2.
  • Файзрахманов Г. Л. История татар Западной Сибири: с древнейших времен до начала XX века. — Казань: Татар. кн. изд-во, 2007. — 431 с. — 1000 экз. — ISBN 978-5-298-01536-3.
  • Фарисов Ф. Ф. Из истории тюменских и сибирских татар // Тайны Татарского народа (часть 1).

Read other articles:

Irish slave trader Drawing of slave traders collecting enslaved people off the coast of Africa Felix Doran (1708–1776) was an Irish slave trader. He was responsible for at least 69 slave voyages. Doran moved to Liverpool in the 1740s and operated out of the Port of Liverpool. His first slave-ship was called Lively and his final one was called Essex. Early life Doran was born in Ireland, baptised and brought up as a Catholic. He may have been born in County Down, where the surname Doran was ...

Municipality in Flemish Community, BelgiumSpiere-HelkijnMunicipalityHelkijn FlagCoat of armsLocation of Spiere-Helkijn Spiere-HelkijnLocation in Belgium Location of Spiere-Helkijn in West-Flanders Coordinates: 50°43′N 03°21′E / 50.717°N 3.350°E / 50.717; 3.350Country BelgiumCommunityFlemish CommunityRegionFlemish RegionProvinceWest FlandersArrondissementKortrijkGovernment • MayorDirk Walraet (LB 2018) • Governing party/iesLB 20...

U.S. politician from Missouri Adam SchneltingMember of the Missouri House of Representativesfrom the 69th districtIncumbentAssumed office January 4, 2023Preceded byGretchen BangertMember of the Missouri House of Representativesfrom the 104th districtIn officeJanuary 9, 2019 – January 4, 2023Preceded byKathie ConwaySucceeded byPhil Christofanelli Personal detailsBornSt. Charles, Missouri, U.S.Political partyRepublicanSpouseChristineResidence(s)St. Charles...

En este artículo se detectaron varios problemas. Por favor, edítalo y/o discute los problemas en la discusión para mejorarlo: Carece de fuentes o referencias que aparezcan en una fuente acreditada. Las referencias no son claras o tienen un formato incorrecto. Este aviso fue puesto el 16 de noviembre de 2023. Puedes avisar al redactor principal pegando lo siguiente en su página de discusión: {{sust:Aviso PA|Ley Lara|formato de referencias|referencias}} ~~~~ Ley Lara Pre...

Beach in Cabo Rojo, Puerto Rico Buyé Beach in Cabo Rojo, Puerto Rico Buyé Beach (Spanish: Playa Buyé) is a beach in southwestern Puerto Rico, in the municipality of Cabo Rojo. The beach is popular with locals due to its soft, light beige-colored sand, its calm waters, and its relaxed and secluded, yet family-friendly, atmosphere. It is located next to the small Buyé Resort which offers parking (for $3), food kiosks and restrooms for visitors to the beach.[1] Other activities in ad...

この記事には独自研究が含まれているおそれがあります。問題箇所を検証し出典を追加して、記事の改善にご協力ください。議論はノートを参照してください。(2016年11月) テレビ番組・中継内での各種情報(終了した番組・中継を含みます)は、DVDやBlu-rayなどでの販売や公式なネット配信、または信頼できる紙媒体またはウェブ媒体が紹介するまで、出典として用い...

Elector of Bavaria from 1651 to 1679This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Ferdinand Maria, Elector of Bavaria – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (December 2022) (Learn how and when to remove this template message) Ferdinand MariaPortrait by Paul MignardElector of BavariaReign27 September...

Bupati PinrangPetahanaAndi Irwan Hamidsejak 24 April 2019KediamanRumah Jabatan BupatiMasa jabatan5 tahunDibentuk1960Pejabat pertamaA. Makkoelaoe Berikut ini adalah daftar bupati Pinrang yang menjabat sejak pembentukannya pada tahun 1960. No Bupati[1] Mulai menjabat Akhir menjabat Prd. Ket. Wakil Bupati 1 H.Andi Makkoelaoe 1960 1964 1 [2] — 2 H. Andi Gazaling 1964 1965 2 3 H.Andi Dewang 15 Juli 1965 24 Desember 1968 3 [3] 4 Drs. H.M. Daud Nompo 1968 1969 4 5 Letk...

Lego theme Lego The SimpsonsSubjectThe SimpsonsLicensed from20th Century FoxAvailability2014–2018Total sets2 sets[1]CharactersHomer, Marge, Bart, Lisa and MaggieOfficial website Lego The Simpsons (stylized as LEGO The Simpsons) was a Lego theme based on The Simpsons television series of the same name created by cartoonist Matt Groening for the Fox Broadcasting Company. It is licensed from 20th Century Fox. The toy line is also accompanied by the special episode Brick Like ...

El vector de distancias es un método de enrutamiento. Se trata de uno de los más importantes junto con el de estado de enlace. Utiliza el algoritmo de Bellman-Ford para calcular las rutas. Fue el algoritmo original de ARPANET. Se usó en DECNET, IPX y Appletalk. Lo usa el protocolo RIP (Routing Information Protocol), que hasta 1988 era el único utilizado en Internet. También se utiliza en los protocolos propietarios ampliamente extendidos IGRP y EIGRP de Cisco. Funcionamiento El enrutamie...

The Second MotherPoster rilis teatrikalSutradara Anna Muylaert Produser Caio Gullane Fabiano Gullane Debora Ivanov Anna Muylaert Ditulis oleh Anna Muylaert Pemeran Regina Casé Michel Joelsas Camila Márdila Penata musik Vitor Araújo Fábio Trummer SinematograferBárbara AlvarezPenyuntingKaren HarleyPerusahaanproduksi Africa Filmes Globo Filmes Gullane Filmes Tanggal rilis 25 Januari 2015 (2015-01-25) (Sundance) 27 Agustus 2015 (2015-08-27) (Brasil) Durasi112 menit ...

2000 book by Jhumpa Lahiri Interpreter of Maladies Cover of paperback editionAuthorJhumpa LahiriCountryUnited StatesLanguageEnglishGenreShort storiesPublisherHoughton MifflinPublication date1999Media typePrint (hardback & paperback) EbookPages198 ppISBN0-618-10136-5OCLC40331288Followed byThe Namesake  Interpreter of Maladies is a book collection of nine short stories by American author of Indian origin Jhumpa Lahiri published in 1999. It won the Pulitzer Prize for Fiction a...

Sporting event delegationAustria at the1976 Winter ParalympicsFlag of AustriaIPC codeAUTNPCAustrian Paralympic Committeein Örnsköldsvik, SwedenCompetitors24 (20 men and 4 women) in 2 sportsMedalsRanked 6th Gold 5 Silver 16 Bronze 14 Total 35 Winter Paralympics appearances (overview)1976198019841988199219941998200220062010201420182022 Austria competed at the 1976 Winter Paralympics in Örnsköldsvik, Sweden. 24 competitors from Austria won 35 medals including 5 gold, 16 silver and ...

Czech political alliance Pirates and Mayors Piráti a StarostovéAbbreviationPirStanLeaderIvan Bartoš[1] (Piráti)Deputy LeaderVít Rakušan (STAN)Founded14 December 2020; 2 years ago (2020-12-14)IdeologyLiberalism[2]Progressivism[1][3]Decentralization[4]Environmentalism[5]Direct democracy[1][6]Pro-Europeanism[1][7]Political positionCentre[8]European Parliament groupGreens–Europea...

Series of comic books This article is about the publication. For the publisher, see Archie Comics. For the character, see Archie Andrews. ArchieCover to Archie #1 (vol. 1) (Winter 1942).Publication informationPublisherArchie ComicsScheduleMonthlyFormatOngoing seriesPublication date(vol. 1)Winter 1942 – June 2015(vol. 2)July 2015 – September 2018(vol. 1 cont.)October 2018 – present (as of October 2018 cover date)No. of issues(vol. 1): 666 (#1–666)(vol. 2): 32 (#1 - 32)(vol. 1 cont.): 1...

This article relies excessively on references to primary sources. Please improve this article by adding secondary or tertiary sources. Find sources: 2012–13 FC Dynamo Kyiv season – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (August 2012) (Learn how and when to remove this template message) Dynamo Kyiv 2012–13 football seasonDynamo Kyiv2012–13 seasonChairmanIhor SurkisManagerOleh BlokhinStadiumOlimpiysky National Sports ComplexPremier League3rdUk...

76-я церемония вручения наград премии «Золотой глобус» 6 января 2019 года Лучший фильм (драма): «Богемская рапсодия» Лучший фильм (комедия или мюзикл): «Зелёная книга» Лучший сериал (драма): «Американцы» Лучший сериал (комедия или мюзикл): «Метод Комински» Лучший мини-сериа...

Jan Abrahamsz Beerstraaten (anche Beerstraten) (Amsterdam, 1º marzo 1622 – Amsterdam, 1º luglio 1666) è stato un pittore olandese. Biografia Incendio del vecchio municipio di Amsterdam, 1652, Amsterdam Museum Appartenente ad una famiglia di pittori olandesi che svilupparono tutti i medesimi soggetti: vedute urbane immaginarie, battaglie navali, paesaggi invernali. Il più noto e anche il più dotato fu proprio Jan Abrahamsz, presunto fratello di Abraham e figlio di Abraham-Daniel. È aut...

Questa voce sull'argomento calciatori statunitensi è solo un abbozzo. Contribuisci a migliorarla secondo le convenzioni di Wikipedia. Segui i suggerimenti del progetto di riferimento. Kyle Nakazawa Nazionalità  Stati Uniti Altezza 180 cm Calcio Ruolo Centrocampista Squadra  LA Galaxy Carriera Giovanili 2006-2007UCLA Bruins Squadre di club1 2007 SF Valley Quakes2 (0)2009-2010 L.A. Misioneros7 (1)2010-2012 Philadelphia Union36 (1)2012- LA Galaxy1 (0) Nazionale 20...

2011 book ed. by Ann and Jeff VanderMeer This article is about the book. For the comic book character, see Weird (comics). For other topics, see weird (disambiguation). The Weird: A Compendium of Strange and Dark Stories AuthorAnn and Jeff VanderMeer (editors)CountryUnited StatesLanguageEnglishGenreWeird fictionPublisherCorvus (imprint)Publication date31 Oct 2010[1]Media typeHardcover, paperback, e-bookPages1,126 (1,152 in paperback)ISBN9780765333605 The Weird: A Compendium of St...