Қазақстан заңнамасы
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы 1996 ж. маусымның 10 № 6-I Қазақстан Республикасының Заңы (2007-07-27 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) — толық мәтіні
8-бап. Авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындылар
Мыналар авторлық құқық объектiлерi болмайды:
- ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң әкiмшiлiк, сот сипатындағы және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;
- мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер);
- халық шығармашылығы туындылары;
- оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар.
|