Стерлинг қамалы (ағылш.Stirling Castle) — ШотландияныңСтерлинг облысындағы Стерлинг қаласында, Сарай дөңінің шыңында орналасқан орта ғасырлық шотландық қамал. Стерлинг қамалы тарихи жағынан да, архитектура жағынан да Шотландиядағы ең ірі және ең маңызды қамалдарының бірі. Қамал Рождество мен Сыйлықтар күнінен басқа күндері ашық.
Қамал үш жағынан қорғаныс жағдайын жасайтын тік жартастармен қоршалған. Қамалдың негізгі ғимараттарының көпшілігі XV және XVI ғасырларда салынған. XIV ғасырдың бірнеше ғимараттары ғана сақталған, ал сыртқы бекінісі XVIII ғасырға жатады. Стерлинг қамалында шотландияның бірнеше королдері мен королевалары сайланған, 1543 жылыМария Стюартта осында сайланды. Бекініс Шотландияның тәуелсіздігі үшін соғысты қосқанда аз дегенде 8 рет қоршауда болды. Соңғы рет қамалды 1746 жылыханзада Чарлз басып алмақшы болды.