Сталин премиясы (Сталин атындағы премия) — тамыры 1940-1954 жылдары тереңге жайыла бастаған КСРО тұлғаларын техника, әскери, әдебиет, өнер және ғылым салаларындағы жеткен жетістіктері үшін мадақтаудың формасы. 1966 жылыКСРО-ның Мемлекеттік премиясымен теңесті.
Премия мекемесі
Сталин премиялары (немесе олардың бастапқыдағы атауы, Сталиннің атындағы премия) КСРО ХКК екі қаулы бойынша бекітілді.«Сталиннің атындағы премия мен шәкіртақы мекемесі туралы» — И.В.Сталиннің 60 жылдық мерейтойына арналып 1939 жылдың 20 желтоқсанында қабылданды. Осы аталған қаулыда былай делінген: «Иосиф Виссарионович Сталиннің 60 жылдық мерейтойына арналған КСРО Халық Коммисарлар кеңесі қаулы қабылдады: Сталиннің атына арнап 16 премия қабылдауды ұйымдастыру (шамамен әрқайсысына 100 рубльден беріліп отырады), өнер және ғылым саласындағы адамдарға жыл сайын беріліп отырады:
Дәл осы қаулылар алғашқы онына (100 мың рубль), екінші жиырмасына (50 мың рубльден) және отыз үшіншісіне (25 мың рубльден) Сталин премиялары, әр жылы ең үздік өнертапқыштық үшін берілетін, сонымен қатар алғашқы үшеуіне, бес екіншісіне және он үшінші Сталин премиясына, әскери салаларда жеткен жетістіктері үшін.«Әдебиет бойынша берілетін Сталиннің атындағы премия туралы қаулы» — 1940 жылдың 1 ақпанында қабылдаған. Қабылданған қаулыда: «4 стлиннің атындағы премия ұйымдастыру, әрқайсысына 100 мың рубльден, әр жылы әдебиет саласындағы жеткен жетістіктері үшінде беріледі». Осыдан барлық төрт премия поэзия, проза, драматургия және литературалық критиканың бір саласында берілетінін байқауға болады.