Сиенит[1] (грекше Syene — ежелгі Мысырдағы Сүн қаласының (қазіргі Асуан) атынан)негізінен калийлі дала шпатынан (60 — 90%), аздаған мөлшерде плагиоклаздар мен биотит, пироксен, тағы басқа тәрізді түсті минералдардан құралған терең қабаттағы магмалық тау жынысы.
Сиенит — түсі қызыл, алқызыл, алқызыл-сұр болатын түйіршікті тау жынысы.
Бітімі — шомбал, бағдарлы, шлирлі, құрылымы біркелкі орта, ірі түйірлі, кейде порфирлі.
Фемалық минералдар 10-20% құрайды, олар негізінен горнбленд, кейде биотит, пироксен болып келеді.
Калишпат қалыпты түрінде 50—70% құрап, микроклин, ортоклаз не микропертит болып келеді.
Плагиоклаз қалыпты сиенитте 10-30% құрап, олигоклаз не андезин болады.
Фемалық минералдар мен дала шпаттар сілтілі болған жағдайда, сиенит те сілтілі деп аталады.
Гранитпен аралық түрін граносиенит, габбромен аралық түрін — монцонит, диоритпен аралық түрін — сиенит-диорит дейді.
Құрамындағы сілті мөлшеріне қарай 3 топқа бөлінеді: қалыпты, жоғары сілтілі және сілтілі.
Қалыптыдан басқа екеуінде тек сілтілі дала шпаты мен қошқыл түсті минералдар (сілтілі амфибиол, эгирин, эгирин-авгит) болады. *Құрамындағы кварцтың мөлшері 5%-дан асса кварцтық сиенит, ал нефелиннің мөлшері 20%-дай болса нефелиндік сиенит деп бөлінеді.
ҚазақстанныңСарыарқа, Есіл аймақтарында кездеседі. Сиениттер құрылыста әшекейлік, қаптама материалы және ескерткіштер жасайтын тас ретінде қолданылады.
Дереккөздер
↑Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—
Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2