Сидероз

Сидероз негізінен домна пештерінен агломерациялық фабрикалардың жұмысшыларында кездеседі. Оның клиникасы мардымсыз болады, ұзақ уақыт бойы мұндай науқастарда өкпелік зақымдануды көрсететін белгілер болмайды. Тыныс алу қызметі өзгеріссіз сақталады. Тек өкпе рентгенограммасында аз дәрежедегі интерстициалдық фиброз және шашыранды, майда түйінді көлеңке түріндегі айқын контурлық металл шаңдары жиналған ошақтар көрінеді. Сондықтан сидероз диагнозы рентгенограмма зерттеулерге қоса науқас жұмыс істейтін өндірістегі шаңның құрамын ескере отырып қойылады. Сидероздың асқынуларыда өте сирек кездеседі. Сидероздың асқынған түрімен ауыратын науқастар көбіне қажет етпейді. Олардың еңбекке жарамдылығы толық сақталған. Мұқият дәрігерлік бақылау барысында олар бұрынғы жұмыс орнында қалдырылады. [1]

Дереккөздер

  1. «КӘСІПТІК АУРУЛАР» Бекмурзаева Э.Қ., Сейдахметова А.А., Сейдалиева Ф.М., Абдукаримова Ж.М., Умиралиева Г.А., Ибрагимова Р.Б., Садыкова Г.С., Қорғанбаева Х.Т., Байдуллаев Б.М., Азизова А.А., оқу құралы, Шымкент 2012

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!