Толыбеков Серғали Еспембетұлы (9 Наурыз 1907, Қызылорда облысы бұрынғы Қазалы уезі Байқожа ауылы – 22 Маусым 1995, Алматы қаласы) – экономика ғылымының докторы (1961), профессор (1962), Қазақстан Ғылым академиясының мүшесі (1962).
Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан.
Шежіре: Серғали-Еспембет-Толыбек-Өтемболат-Малайдар-Қожан-Ақберді-Тәуке-Дөсек-Сейін (Желдер)-Келдібай-Бозғұл-Шомекей[1]
Қысқаша өмірбаяны:
1932 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.
1932–1938 жылдары осы институтта ассистент, доцент.
1947–1950 жылдары институт директоры.
1950–1952 жылдары кафедра меңгерушісі.
1952–1963 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Экономика институтында директор.
1963–1974 жылдары ҚазПИ-де ректор.
1974 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазПИ-дің кеңесші-профессор қызметтерін атқарған.
Толыбеков «Общественно-экономический строй казахов в 17–19 вв» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.[2]
Дереккөздер:
- ↑ Кете Шомекей шежіресі / Дайрабаев Т. – Алматы, Ана тілі, 1995. - 167 бет.
- ↑ Қазақстан ұлттық энциклопедиясы