Сергей Михайлович Зубаков

Сергей Михайлович Зубаков (12.10.1919, Ресей, Вологда облысы Ивицы деревнясы – 20.6.1975, Алматы қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1967), профессор (1970), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1972), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1974).

Ленинград (1947, қазіргі Санкт-Петербург) технологиялық институтын және оның аспирантурасын (1951) бітірген. КСРО Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1952–58), директордың орынбасары (1954–55), директоры (1955–59), Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында лаборатория меңгерушісі (1959–75) қызметтерін атқарған. 1963 жылы «О вещественном составе кемперсайских хромитовых руд и физико-химических превращениях при проиводстве и службе хромомагнезитовых огнеупоров в металлургических печах» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Зубаковтың негізгі ғылыми еңбектері силикат материалдары технологиясына арналған. Ол Кемпірсай хромиттерін зерттеу жұмыстарын басқарып, жоғары сапалы, отқа төзімді материалдар алуға болатынын теория тұрғыдан дәлелдеді, зерттеу нәтижелерін Қарағанды металлургия комбинатында өндіріске енгізді. Болат қорыту пешінің табанын жасау және жөндеудің жедел технологиясын ұсынды. Зубаков дәрежелі Даңк пен «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Сілтемелер


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!