Сергей Алексеевич Бедарев (5.9.1926 жылы туған, Алматы облысы Ескелді ауданы Баисов Матай ауылы) – биология ғылым докторы (1972), профессор (1980). ҚазПИ-ді (1950, қазіргі ҚазҰПУ) және Қазақстан ғылым академиясының Ботаника ин-тының кіші, аға ғыл. қызметкері. 1964–1981 ж. Қазақ гидрометеорологиясы бөлімін басқарды. 1981 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) ботаника кафедрасының меңгерушісі, биол. ф-тінің деканы (1985). Негізгі ғыл. еңбектері мал азығын өндіру мәселелеріне арналған. Батыс Қазақстанның шөл өңірінде шабындықтар мен жайылымдардың шығымдылығын болжау әдістерін ұсынды.
[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ энциклопедиясы