Сағид Рауфұлы Рафиков (19.4.1912, Ресей, Башқұртстан, Дюртюли ауданы Камшево ауылы – 19.1.1992, Мәскеу қ.) – химия ғылымының докторы (1948), профессор (1951), Қазақстан Ғылым Академиясының академик (1962), КСРО Ғылым Академияның корресподент мүшесі (1970).
- 1937 Қазақ химия-технологиялар инситутын бітірген (1937).
- 1938-1948 КСРО Ғылым Академиясының Органикалық химия институтында аға ғылыми қызметкер
- 1948-1954 1963–1967 Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институында лаборатория меңгерушісі
- 1949-1951 Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) кафедра меңгерушісі (1949–1951),
- 1951 профессор
- 1952-1954 1964-1967 ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) профессор
- 1967-1984 КСРО Ғылым Академиясының Элемент органикалық химия инситутында аға ғылыми қызметкер және КСРО ғылым академиясының Башқұрт бөлімшесі төралқасының төрағасы (1967–1984)
- 1968-1970 Башқұрт бөлімшесі Хим. ин-тының директоры
- 1984-1987 КСРО ғылым академиясының Тарих, жаратылыстану және техникалық институтында аға ғылым қызметкер болып жұмыс істеген.
Ғылыми жұмыстар
«Исследование в области поликонденсации» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Рафиковтың негізгі ғыл. еңбектері полимерлер химиясына арналған. 860-тан астам ғыл. жарияланымның авторы.
Марапаттар
Еңбек Қызыл Ту (1975), Халықтар достығы (1982) ордендерімен және медальдармен марапатталған.[1]
Пайдаланылған әдебиеттері
<references>
- ↑ "Қазақ энциклопедиясы"