Сартақ хан (т. ж. б. — 1256) — 1255-56 жылдары билік еткен Алтын Орданың ханы, Бату ханның үлкен баласы, Шыңғыс ханның шөбересі. Жас кезінде әкесінің ықпалымен белгілі орыс князі Александр Невскиймен анда[1] болған. Еділ өзенінің төменгі сағасының батыс жағалауынан бастап, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы мен Қырым аралығында билік құрды.
Билігі
1256 жылы француз королінің Қарақорымға жіберген елшісі Рубрук ең алдымен Сартақтың сарайына аялдап, оған корольдің түрік және араб тілдеріне аударылған грамотасын табыс еткен. Сартақ әкесі Бату қайтыс болған соң Мөңке ханның (Қарақорымда) ұйғарымымен хан тағына отырды. Бірақ көп ұзамай қайтыс болып, тақты әкесінің інісі Берке иеленді. Сартақты Батудың iнiсi Берке өлтiрткен.
Түсініктеме
- ↑ бауырлас болу деген сөз.