Басқа мағыналар үшін Салқынкөл деген бетті қараңыз.
Салқынкөл – Есіл алабында орналасқан ағынсыз тұзды көл.
Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Ялты ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде орналасқан.
Гидрографикасы
Ауданы 20,6 км2, ұзындығы 6 км, ені 4,2 км-ге жетеді. Жағалау сызығы 16,3 км. Көлге оңтүстік-шығысынан көбіне тартылып қалатын Қарасу өзені құяды. Жер асты, қар суымен толығады. Балықтан мөңке, шортан, алабұға, т.б. тіршілік етеді.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 7 - том