Сайдулдин Тілеуберді

Тілеуберді Сайдулдин (20.3.1943 ж. туған, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Шалқар ауылы) — мал дәрігерлік ғылымының докторы (1986), профессор (1989), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (1996). Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1965). 1970 — 78 ж. осы институтта ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысты, 1987 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде қызмет атқарды. Университет жанынан құрылған анималогия ғылыми-зерттеу институтының директоры болды. Негізгі ғылыми еңбектері жануарлардың жұқпалы ауруларға қарсы иммунологиялық реакцияларын зерттеуге арналған. Бірқатар серологиялық әдістерді (Кумбс реакциясын бруцеллезге қолдану, т.б.) жетілдірумен қатар жаңа әдістер (конглютиндеуші кешенді байланыстыру, иммундік кешенді агрегациялау, Сайдулдин реакциясы) ұсынып, өндіріске енгізді. 200-ге тарта ғылыми еңбектің, 1 монографияның авторы.

[1] [2] [3] [4] [5]

Дереккөздер:

  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
  2. Основы серологии, А., 1992;
  3. Індеттану, А., 1993;
  4. Орысша-қазақша малдәрігерлік сөздігі, А., 1993;
  5. Ветеринариялық індеттану, 2 томдық, А., 1999.


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!