Саиф Сараи

Саиф Сараи (1321, Сарайшық — 1396, Мысыр) — қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі.

Хан ұрпақтары арасындағы тақ таласы тұсында туған жерінен кетіп, өмірінің соңғы кезеңін мәмлүктер билігіндегі Мысырда өткізді. Саиф Сараиды Әмір Наджип қазақ халқының негізін құраған қыпшақ тайпасынан шыққан деп есептейді. Бізге жеткен елеулі еңбегі — бес мың жолға жуық түркі (қыпшақ) тіліндегі «Гүлстан би-т-түрки» (1391) туындысын Сарайшықта бастап, Мысырдағы Ніл өзені бойында аяқтаған. Дастанның негізгі бөлімі Сағдидің «Гүлстан» шығармасының еркін аудармасынан тұрады, сондай-ақ оған өзімен тұстас сегіз шайырдың ғазалдары, ақынның өзі жазған лирикалық өлеңдері, нақыл, ғақлия, толғаулары енген. Саиф Сараидың бұл поэмасы XIV ғасырдағы қыпшақ әдебиетінде қалыптасқан әдеби дәстүр, озық поэзия үлгісі болған.

Саиф қолжазбасы 1915 жылы белгілі болды, оның фотокөшірмесі Анкарада (1954), орыс әліпбиі негізіндегі транскрипциясы Ташкентте (1968) басылды. Саиф Сараи (13-14 ғ.) "Гүлстан" атты шығармасымен әйгілі болған[1][2][3][4][5].

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
  2. Наджип Э.Н., Кыпчакско-огузский литературный язык мамлюкского Египта XІV века, М., 1965;
  3. Тюркоязычный памятник ХІV века “Гулстан” С.Сараи, А., 1975;
  4. Тасмағамбетов И., Самашев З., Сарайшық, Атырау, 2003;
  5. Келімбетов Н., Ежелгі әдеби жәдігерліктер, Аст., 2004.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!