Нұрпейісов Садық (24.02.1904, бұрынғы Торғай облысы Қостанай уезді Әйет болысы – 1938, Мәскеу) – мемлекет және қоғам қайраткері. Алғашында ауыл мектебінде, соңынан 2 сыныптық қазақ-орыс бастауыш училищесінде оқыды. 1918 жылы көктемде Қостанайдағы еріктілер қатарында колчакшыларға қарсы күресті. 16 жасында (1920) ауылдық кеңестің төрағасы болып сайланды. 1920 жылы қыркүйекте Челябі губераторының Полтавск поселкесінде жасақталған ерекше тағайындалған бөлімнің (ЧОН) құрамына кірді. 1922 жылы шілдеде Қазақстанға қайтып оралып, Қостанай губаторының Денисов уездінде әртүрлі қызметтер атқарды. “Қосшы” одағы мен кеңесңестерге тарту, халық ағарту саласы мен көркемөнерпаздар театрын құруда үлкен белсенділік көрсетті. 1924 – 29 жылы Қостанай губернор, Жетісу мен Сырдария облыстарында комсомолдық қызметтер атқарды. Қазақ өлкелік комсомол к-тінің бірінші хатшысы болды. 1931 – 34 жылы қазіргі Жамбыл облысы Мерке ауданы партия к-тінің бірінші хатшысы, Қарағанды облысы партия к-тінің екінші хатшысы, 1934 – 38 жылы Қазақ өлкелік партия к-тінің және Қазақстан Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы қызметтерін атқарды. Нұрпейісов қай жұмыста жүрсе де ұлттық кадрларды басшы қызметтерге көптеп тартты. 1938 жылы мамырда БК(б)П ОК-не жұмысқа шақыртылуына байланысты Қазақстан Компартиясы ОК құрамынан босатылды. Тұтқындалғанға дейін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумында жұмыс істеді.[1]
Дереккөздер
- ↑ Даулбаев Н., Игенбаев А., Садык Нурпейсов, А.-А., 1979