Рэм Михайлович Петухов

Рэм Петухов
орыс. Рэм Петухов
Туған күні

10 маусым 1928 (1928-06-10)

Туған жері

Талғар, Алматы облысы, Қазақ КСР

Қайтыс болған күні

2006 (2006)

Қайтыс болған жері

Санкт-Петербург, Ресей

Ғылыми аясы

Экономика

Ғылыми атағы

Профессор

Альма-матер

Қазақстан Ғылым Академиясы

Несімен белгілі

145 еңбек авторы

Рэм Михайлович Петухов — (10 маусым 1928 жылы туған, Талғар, Алматы облысы2006 жыл, Санкт-Петербург[1]) – экономика ғылымының докторы (1965), профессор (1974), Қазақстан Ғылым Академиясының корресподент мүшесі (1967), 145 еңбек, оның ішінде 14 монография мен брошюралар авторы.

Өмірбаяны

Рэм Петухов 1928 жылы 10 маусым күні Қазақ КСР, Алматы облысының Талғар қаласында дүниеге келген. 1950 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) кеме жасау институтын бітірген. 1955 және 1963 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым Академиясының Экономика институтында аға ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

1963-1967 жылдары КСРО Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесінде экономика және өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру институтында бөлім меңгерушісі және директордың орынбасары болған. 1967 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Экономика институтында директоры болып тағайындалды. 1973 жылы бұл қызметтен кетіп, 1977 жылға дейін «Румб» орталық ғылыми-зерттеу институты (Ресей) директорының орынбасары және сол жердің бас инженері болып жұмыс істеген.

1974 жылы профессор атағын алды. 1977 жылдан бастап Ленинград кеме жасау институтында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2006 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында қайтыс болды.

Ғылыми еңбектері

Ғылыми еңбектері – машина жасау өндірісінің экономика тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған.[2]

«Экономикалық тиімділік және өндірісті ұйымдастыру» атты монографиясы неміс, болгар, мажар, чех, серб, хорват тілдеріне аударылған. Оның 10-нан астам мақалалары мен баяндамалары Болгария Халық Республикасы, ГДР, Мажар Халық Республикасы және ЮСФР ғылыми журналдарында жарияланған.

Дереккөздер

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!