Родина ауылдық округі – Қостанай облысындағы Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы
Құрамына Родина, Мирное ауылдары кіреді. Орталығы – Родина ауылы.[1]
Тарихы
Округ құрамында болған Айдар ауылы 2014 жылы таратылған соң, Родина ауылдық округі ауылдық әкімдік болып қайта құрылды.[2] 2019 жылы Мирный ауылдық әкімдігімен біріктіріліп, ауылдық округ болып қайта құрылды.[3]
Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2813 адамды құрады.[4]
Дереккөздер