Резняков Александр Борисович[1] (7.9.1904, Ресей, Дондағы Ростов — 16.3.1984, Алматы) — ғалым, техникалық ғылым докторы (1956), проф. (1958). Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1962), Қазақстанның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1961). Дон политех. ин-тын бітірген (1929). 1929 — 45 ж. Ресейдің өндіріс орындарында инженер, цех бастығының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1945 — 48 ж. Алматы ауыр машина жасау з-тында бас конструктор, 1948 — 76 ж. Қазақстан ғылым академиясының Энергетика (қазіргі Қазақ энергетика ғыл.-зерт. ин-ты) ин-ты директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Негізгі ғыл. еңбектері табиғи қатты отындардың тозаң көмірлік және циклондық оттықтарда жануын зерттеуге арналған. Ұсақ кентастар мен концентраттарды қайта өңдеудің жаңа, тиімділігі жоғары циклондық процесінің теор. негізін жасап, оны өндіріске енгізуді ұсынды. Резняков қуатты ЖЭС-тердің қазан агрегатындағы оттық қондырғыларының үлгісін жасау, оларды жетілдіру жөніндегі кешенді зерттеулерге басшылық етті (Қазақстан Мемл. сыйл., 1972). Орденмен және медальдармен марапатталған.[2][3][4]
Дереккөздер
- ↑ Қазақша энциклопедия 7 том.
- ↑ Энергетика Казахстана, А.-А., 1958;
- ↑ Горение натурального твердого топлива, А.-А., 1968;
- ↑ Основы развития энергетики Казахстана, А.-А., 1971.