Расёмон |
羅生門 (Rashōmon) |
|
Жанры |
тарихи драма/психологиялық триллер
|
---|
Режиссёрі |
Акира Куросава
|
---|
Продюсері |
Минору Дзинго
|
---|
Сценарийдің авторы |
Акира Куросава Синобу Хасимото
|
---|
Операторы |
Кадзуо Миягава
|
---|
Композиторы |
Фумио Хаясака
|
---|
Кинокомпания |
Daiei
|
---|
Ұзақтығы |
88 минут
|
---|
Бюджеті |
250 мың доллар
|
---|
Мемлекет |
Жапония
|
---|
Тілі |
жапонша
|
---|
Шыққан жылы |
1950
|
---|
IMDb |
ID 0042876
|
«Расёмон» (羅生門) — Акира Куросаваның 1950 жылы шыққан ақ-қара түсті фильмі. Рюноскэ Акутагаваның «Ну тоғайда» атты әңгімесінің экранизациясы болып келеді. Фильм атауы Жапонияның көне астаналарындағы Расёмон қақпасына байланысты қойылған.
Мұнда кино үшін алғаш рет бір оқиға бірнеше көзқарастан көрсетіліп бейнеленеді. «Расёмон» жалпы жапониялық кинематографтың әлемдік сахнада танылуына зор үлес қосты.[1] Бұл фильм көптеген халықаралық сыйлықтарға ие болды, оның ішінде «Оскар» және «Алтын арыстан» да бар.
Сюжеті
Расёмон қақпасының астына жаңбырдан тасаланып, үш адам жиналып қалады. Ағаш кесуші және монах қарапайым тыңдаушыға сотқа куәгерлер ретінде қатысқанын айтады. Сотта тоғайдағы самурайдың өлімі мен әйелінің зорлануы туралы іс қаралды. Болған жайды сот алдында алдымен қарақшы баяндайды, сосын самурайдың әйеліне сөз беріледі, кейін бақсының көмегімен самурайдың жаны шақырылады, соңында денені тапқан ағаш кесуші өз көргенін айтады.
Рөлдерде
Дереккөздер