РК(б)П орталық комитетінің Түркістан бюросы

РК(б)П орталық комитетінің Түркістан бюросы (Түркбюро) — Ресей большевиктерінің Түркістандағы жоғары өкілетті басшы органы.


1920 жылғы шілдеден 1922 жылғы мамырға дейін қызмет істеді. Оған Г.Я. Сокольников, Г.И. Сафаров, Я.Х. Петерс, Л.М. Каганович, т.б. Мәскеу эмиссарлары мүше болды.

Өз қызметін Т.Рысқұловты Түркістаннан аластап, “рысқұловшыларды” қуғындаудан бастаған Түркістан бюросы Орталықтың Түркістан АКСР-не тікелей басшылық етуін жүзеге асырды. Партия және кеңес съездерін шақыруға, Түркістан АКСР-і Конституциясының қабылдануына (1920 жылы қыркүйек) басшылық етті.

Жаңа экономикалық саясат жүргізіп, жер-су реформасымен, байлар мен ауқаттылардың дүние-мүлкін тәркілеумен айналысты. Компартия бағытынан ауытқушыларды аяусыз жазалап, партия және кеңес аппаратын тегіс жат элементтерден тазарту ісін қадағалады. “Басмашылар” қозғалысын қарулы күшпен басу үшін ислам дініне, шариат пен жергілікті халықтың салт-дәстүріне қарсы күресті. Сонымен бірге мұсылмандарды өз жағына тарту үшін уақытша шегіністерге баруға да мәжбүр болды. 1922 жылдың жазында Түркістан АКСР-і аумағында мешіттер мен медреселерге қарасты жерлер (вакуфтар) қайтарылды, қазылар мен билер соттарының қайта ашылуына рұқсат берілді. Түркістан бюросы 1922 ж. мамырда РК(б)П орталық комитетінің ортаазиялық бюросы болып қайта құрылды.[1]

Дереккөздер

  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 7 том


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!