РКФСР ІІХК қарамағындағы Мемлекеттік саяси басқарма (МСБ) (орыс. Государственное политическое управление (ГПУ) при НКВД РСФСР) — РКФСР мемлекеттік қауіпсіздік органы. Арнайы қызмет 1922 жылы 6 ақпанда В.И. Лениннің Кеңестердің IX съезіне ұсынысы бойынша Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің БТК жою туралы қаулысымен РКФСР Ішкі істер халық комиссариаты қарамағындағы МСБ өкілеттіктер берумен құрылды.
Бұрын БТК жүргізетін «социалистік заңдылықты» бақылау міндеттері РКФСР әділет халық комиссариатына жүктелді, оның қарсаңында БОАК «Прокурорлық қадағалау туралы ереже» қаулысымен 1922 жылы 28 мамырда Прокуратура құрылды.
1923 жылы 15 қарашада МСБ КСРО ХКК қарамағындағы БМСБ болып одақтық дәрежеде қайта құрылды.
МСБ құрылымы
МСБ ең жоғары әкімшілік органы МСБ төрағасының қарамағындағы Алқа болды, оның бұйрықтары барлық бөлімшелер үшін, соның ішінде аумақтық бөлімшелер үшін міндетті болды.
РКФСР негізгі арнайы қызметі МСБ деп аталған барлық кезеңді бұған дейін БТК, кейін БМСБ басқарған Ф.Э. Дзержинский басқарды.
1922 жылдың соңында МСБ алқасының құрамы:
КСРО ІІХК туралы ережеге және орталық МСБ қарамағындағы ОАК шешімдеріне сәйкес мәселелерді шешу үшін келесілер құрылды:
- Губерндік атқару комитеттері қарамағындағы МСБ аумақтық губерндік бөлімдері
- Автономиялық республикалар мен облыстардың ОАК қарамағындағы МСБ аймақтық бөлімдері
- Майдан, әскери округтер мен әскерлердің айрықша бөлімдері
- Дивизиялар мен шекараны қорғау айрықша бөлімдері
- Теміржол және су жолдарындағы МСБ көлік бөлімдері
- Шеткі және автономды республикалар мен облыстардағы МСБ жергілікті органдарының жұмысын біріктіру, көшбасшылық ету және үйлестіру жөніндегі МСБ өкілетті өкілдігі.
- МСБ заңдылықты бақылаудағы МСБ заң бөлімі (1922 жылдың 22 наурызынан бастап)
1922 жылдың 1 желтоқсанынан бастап орталық аппарат келесі құрылымға ие болды:
- Әкімшілік-ұйымдастырушылық басқарма — (басшысы И. А. Воронцов), оның міндеті МСБ құрылымын қалыптастыруды, кадрлық жұмысты, МСБ аумақтық және жергілікті органдарының қызметін бақылауды қамтыған.
- 10 бөлімнен тұратын Құпиялы-жедел басқарма ҚЖБ (В.Р. Менжинскийдің жетекшілігімен):
- Жеке тұлғалардың, партиялардың, ұйымдардың, құрылымдардың антикеңестік әрекеттеріне қарсы күрес жөніндегі Құпия бөлімі ҚБ (басшысы - Т. П. Самсонов). Сегіз бөлімнен тұрды:
- біріншісі — анархистермен күрес
- екіншісі — меньшевиктер мен бундошыларға қарсы күрес
- үшіншісі — эсерлер мен антикеңестік-шаруаларға қарсы күрес
- төртіншісі — бұрынғы ақ гвардияшылармен, жандармдармен, жазалаушылармен, түрме қызметкерлерімен, кеңеске қарсы яһуди топтары және партияларымен күрес
- бесіншісі — оңшыл партиялар және кеңеске қарсы зиялылар мен жастарға қарсы күрес
- алтыншысы — православие шіркеуіне, конфессиялар мен секталарға қарсы күрес
- жетіншісі — Күнгей Кавказ ұлттық партиялары мен меньшевиктерге қарсы күрес
- сегізінші — БКП (б) бұрынғы мүшелеріне, заңсыз партияларға және жұмысшылар мен жұмыссыздардың наразылық әрекеттеріне қарсы күрес
- Айрықша бөлімі — АБ (басшысы — Г. Г. Ягода), оның міндеті Қызыл Әскерде мәлімдейтін-ақпараттық жұмыс болды.
- Қарсы барлау басқармасы — ҚББ (басшысы — А. Х. Артузов), оның міндеті шетелдік, кеңеске қарсы саяси партиялардың, ақ гвардияшылардың, диверсанттар мен тыңшылардың мемлекет ішінде және шетелдегі барлау жұмыстарымен күресу болды.
- Бірқатар елдерде барлау қызметін ұйымдастырған — Шетел бөлімі ШЕБ (басшысы — М. А. Трилиссер).
- Шығыс бөлімі — (басшысы — Я. Х. Петерс) мемлекет аймақтарындағы контрреволюцияға қарсы күрес.
- Көліктегі қарсы барлауды ұйымдастыруға (негізінен теміржол және су көлігі) арналған — Көлік бөлімі (басшысы — Г. И. Благонравов)
- Тікелей барлау, жою, тұтқындау және тінту, бандитизммен күресті жасаудағы — Жедел бөлімі ЖЕДБӨЛ (басшысы - К. В. Паукер, бұрын - И. З. Сурта).
- Тұрғындарды саяси және экономикалық ақпараттандырудегі — Ақпарат бөлімі (басшысы — В. Ф. Ашмарин).
- Цензураны бақылау және БАҚ пен тұрғындар арасында мемлекеттік құпияларды күзетудегі Саяси бақылау бөлімі (цензура), басшысы — И.З. Сурта, оған дейін — Б. Е. Этингоф болды.
- Сенімсіз халықты есепке алу және статистиканы жүргізудегі — Орталық тіркеу бөлімі (басшысы — А. М. Шанин, оған дейін — Я. П. Розен болды).
- Тыңшылық, контрреволюция мен экономика аясындағы диверсияны жоюдағы — Экономикалық басқарма ЭКБ (басшысы — З. Б. Кацнелсон, 1925 бастап — Л. Г. Миронов (Каган)).
- Әскери бөлімдерді бақылау және Қызыл Әскер бөлімшелерін басқару жөніндегі әскерлердің Негізгі инспекциясы.
- Байланыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі — Шифрлау бөлімі.
- Мемлекеттегі радио барлау, шифрлау жүйесін бақылайтын — Арнайы бөлім.
- МСБ бөлімшелері мен қызметкерлерінің әрекеттерінің заңдылығын бақылау, ұсыныстар мен заң жобаларын дайындау, сот істерін жүргізудегі — Заң бөлімі (басшысы — В. Д. Фелдман).
- Мемлекеттің шекарасын қорғаудағы — Шекара қызметі бөлімі.
Орталық аппаратта 2200-ден астам адам болды[1].
РКФСР әділет халық комиссариатына МСБ қызметін қадағалады.
МСБ өкілеттіктері
1923 жылдың наурызынан 1928 жылдың 20 сәуіріне дейін МСБ, содан кейін БМСБ пайда табу мақсатын көздемеген қоғамдар мен кәсіподақтардың (қауымдастықтардың) жарғыларын қарау және бекіту жөніндегі комиссияларға қатысты (КСРО ҚТОММ мәліметтеріне сәйкес, ф. 393, оп. 39, д. 25б, лл. 39-43 об.).
1923-1924 жылдары МСБ, содан кейін БМСБ іс жүзінде милиция қызметкерлерін бір реттік аттестаттау жөніндегі Орталық аттестациялық комиссиясын басқарды (КСРО ҚТОММ мәліметтеріне сәйкес, ф. 393, оп. 39, д. 27, л. 247.).
МСБ бүкіл республика аумағында қызмет атқаратын орталық әкімшілік болды, елді мекендерде бағынышты қауіпсіздік органдары құрылды.
МСБ автономиялық республикалар мен облыстардың ОАК қарамағындағы саяси бөлімдеріне бақылауды жүзеге асырды.
МСБ бағыныштылығында контрреволюциялық көтерілістер мен бандитизмді басуға қажет әскерлердің айрықша бөлімдері болды.
МСБ міндеттері
«РКФСР ІІХК туралы ережеге» сәйкес МСБ келесі міндеттер жүктелді:
“
|
- ашық контрреволюциялық әрекеттерді, оның ішінде бандитизмді басу;
- тыңшылықпен күресу және оған қарсы шаралар қолдану;
- темір жолдар мен су жолдарын қорғау;
- РКФСР шекарасын саяси қорғау;
- контрабандаға және республиканың шекарасын тиісті рұқсаттарсыз өтуге қарсы күрес;
- революциялық тәртіпті қорғау жөніндегі БОАК Президиумының немесе ХКК арнайы тапсырмаларын орындау.
|
”
|
Өз кезегінде, БОАК бекіткен «Мемлекеттік саяси басқару туралы ереже» МСБ келесі міндеттерді қояды:
“
|
- саяси және экономикалық ашық контрреволюциялық әрекеттердің алдын алу және жолын кесу;
- республиканың шаруашылық органдарына зиян келтіруге бағытталған контрреволюциялық ұйымдар мен тұлғаларды анықтау.
|
”
|
Қойылған тапсырмаларды шешу механизмі
КСРО БОАК қабылдаған «Мемлекеттік саяси басқармасы туралы ережеге» сәйкес міндеттерді орындаудың құралдары:
“
|
- саяси және экономика аясында да контрреволюцияға қарсы күрес тұрғысынан оларды қызықтыратын барлық ақпаратқа бағынатын мемлекеттік мекемелерге ақпарат жинау және жеткізу;
- РКФСР аумағында және шетелде қылмыстық немесе күдікті адамдарды, топтар мен ұйымдарды жасырын бақылау;
- шетелдік және кеңес азаматтарына шетелге шығуға және РКФСР кіруге рұқсат беру;
- қалаусыз шетел азаматтарын РКФСР шығару;
- пошталы-телеграфтық және басқа да ішкі және шетелдік хабарларды қарау;
- БОАК 1922 жылғы 6 ақпандағы қаулысының 7-бабын белгіленгендей тұтқындау, тінту, алу, куәліктерді, ақпараттарды және іс қағаздарынан үзінділерді талап ету, есептер мен баядамаларды ережелер мен тәртіпке сәйкес іздеу мақсатында өндіру;
- МСБ әскерлерінің көмегімен қарулы контрреволюциялық және қарақшылық көтерілістерді басу;
- 6 ақпандағы БОАК Жарлығының 7-бабына сәйкес сот органдарында қарау үшін анықталған қылмыстық әрекеттер бойынша істерді жіберу;
- сотталғандарды және қылмыстық әрекеттерге күдіктілерді және олардың істерін тіркеу: өнеркәсіптік кәсіпорындардың мемлекеттік мекемелерінде, командалық және Қызыл Әскердің әкімшілік-шаруашылық құрамындағы сенімсіз, әкімшілік және басқарушы қызметкерлерді тіркеу.
|
”
|
1923 жылдан бастап 1934 жылға дейін мекеме МСБ емес БМСБ (КСРО ХКК қарамағындағы) деп аталғанына қарамастан, МСБ термині жергілікті МСБ органдарының атауында қалды. «МСБ» атауы («БМСБ» емес) кейінірек те, 1920 жылдары және 1930 жылдардың бірінші жартысында, ауызекі сөйлеуде де, көркем әдебиетте де қолданылды.
Дереккөздер
- ↑ Мозохин О. Б. (з. ғ. к.) БТК-БМСБ қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру. — 2005.