Пушту тілі (Пушту: پښتو), пушту немесе ауған тілі-Ауғанстанда (8млн-дай,1971), одан басқа да жерлерде, негізінен, Пәкістанда тұратын ауғандардың тілі. Шығыс иран тілдері тобына жатады. Пушту тілінде бірнеше диалекті мен говор бар. Олар фонетикалық және грамматикалық белгілеріне қарай оңт.-батыс (кандагар деп те аталады) және сол.шығыс(немесе пешавар) деп аталатын екі диалектілік топқа бөлінеді. Осы екеуінің негізінде қалыптасқан екі әдеби тілі бар(қ. Ауғанстан әдебиет және өнер саласы). Жазуда араб-парсы алфавитін қолданады. 1964 жылғы конституция бойынша пушту және дари ресми тіл болып саналады. Жалпы алғанда Пушту тілінде 20 млн-дай адам сөйлейді.
Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы