Преснов ауданы — 1928-1997 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Пресновка ауылы.
Тарихы
Преснов ауданы Қызылжар (Петропавл) округінің құрамында 1928 жылы 3 қыркүйекте құрылды. Аудан орталығы Пресновское ауылы болды. 1930 жылы 17 қыркүйекте округтер таратылған соң, аудан Қазақ АКСР-інің тікелей бағынысына өтті.
1932 жылы 10 наурызда Қазақ АКСР-інде облыстардың құрылуымен Преснов ауданы Қарағанды облысының құрамына енді.
1936 жылы 29 шілдеде Преснов ауданы Солтүстік Қазақстан облысының құрамына кірді.
1986 жылы ауданда 11 ауылдық кеңес болған: Железин, Қазан, Кладбин, Макарьев, Матросов, Мирный, Новорыбин, Первомай, Петров, Преснов, Пресноредуть.[1]
1997 жылы 23 мамырда Преснов ауданы таратылып, аумағы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының құрамына қосылды.
Халқы
1939 |
1959 |
1970 |
1979 |
1989[2]
|
36601 |
▲44939 |
▲45513 |
▼25484 |
▼24449
|
Дереккөздер