Порту (футбол клубы)

Португалия Порту
Толық атауы

«Порту» футбол клубы (порт. Futebol Clube do Porto)

Лақап аттары

Portistas
Dragões (Айдаһарлар)
Azuis-e-Brancos (Көк-ақ түстілер)

Құрылған жылы

28 қыркүйек 1893 (122 жыл)

Стадионы

Португалия Драгау

Сыйымдылығы

52 202

Президенті

Португалия Жоржи да Кошта

Бас жаттықтырушы

Португалия Сержиу Консейсау

Капитаны

Бразилия Эльтон

Рейтингі

УЕФА рейтингісі бойынша 8-ші орын

Сайты

Ресми сайты

Жарыс

Футболдан Португалия чемпионаты

2023/24

3.

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Резервтік
2020/21

Порту (порт. Futebol Clube do Porto) — Порту қаласындағы португал футбол клубы.

Тарихы

Антониу Николау да Кошта - клуб құрушысы

Клуб «Foot-Ball Club do Porto» атымен 1893 жылдың 28 қыркүйегінде Англиядан футболға қызығып келген сауда портвейні Антониу Николау да Коштаның инициативасымен құрылған.

1894 жылы клуб басқа португалдық клубтарымен бірнеше жолдастық кездесу өткізеді. 1900 жылдары клуб қожайыны Антониу да Коштаның отбасы қиын жағдайға түсіп, да Кошта клубты жабуды ұйғарды. Бірақ, 1906 жылы да Коштадан клубты Англиядан оралған інісі Жозе Монтейру да Кошта өз қолына алды. Клубтың жаңа қожайыны Портуның бапкері қылып француз Адольф Кассенді тағайындады.

1933 жылға дейін «Порту» барлық аудандық турнирлерде жеңіске жетеді. 1933 жылы клуб «Спортинг» және «Бенфика» клубтарымен бірге Португалияның кәсіпқой клубтар арасындағы чемпионатының негізін салушы атанады.

Бірінші тоқырау кезеңі (1933-1955)

1940 жылға дейін клуб чемпионатта орташа нәтижелерін көрсетеді. 1940/41 жж. маусымда клуб чемпионатты жеңеді. Келесі маусымда клуб өз чемпиондығын қорғайды. Бұдан кейін клуб үздік үштікке теқ қана 1946/47 жж. маусымда қол жеткізеді. 1955 жылға дейін клуб 16 жыл ешқандай титулды жеңе алмайды.

Классико (1955-1960)

1955/56 жж. маусымда клуб Португалия Кубогында жеңіске жетеді. Финалда клуб Бенфиканы 2:1 есебімен жеңеді. Келесі жылы клуб алғаш рет еурокубоктерде өнер көрсетеді. Келесі маусымда клуб екінші мәрте Португалия Кубогын жеңеді. 1958-59 жж. маусымда клуб чемпионатты жеңіп, Кубокта финалға дейін жетеді.

Екінші тоқырау кезеңі (1960-1977)

Чемпионатты жеңгеннен кейін Порту екінші мәрте титулсыз кезеңде түседі. Бұл кезеңде клубтың ішкі чемпионаттарда ең үздік нәтіжесі - 6 орын болса, еурокубоктерде 3-кезеңнен аса алмайды. Осы жылдары ең қаралы күн болып 1973 жылдың 16 желтоқсаны саналады. Бұл күні клуб капитаны Павао Витория Сетубалға қарсы ойында есінен танып, ауруханада қайтыс болады.

Жаңа тарихи кезең (1977-1988)

1976 жылы клуб бас бапкері боп Жозе Мария Педроту тағайындалады. Келесі жылы Педроту клубқа 19 жылдан кейін Португалия чемпионы қылады. Келесі жылы клуб Кубок иегерлер Кубогында ширек финалға дейін жетеді. Сол жылы нәтижелерге қатынасты клуб президенті мен бапкер арасында жанжал туындайды. Бұл жанжал Педротудың отставкаға кетуіне себеп болады. Оның орнына Герман Штессл тағайындалады. Штесслдің басшылығымен клуб Португалия Суперкубогына ие кетеді.

1982 жылы клубтың жаңа президенті Жорже Нуну Пинту да Кошта Педротуны қайта бас бапкер қылып тағайындайды. 1984 жылы Педротуның басшылығымен клуб Кубок иегерлер Кубогында финалға дейін жетеді. Бұдан кейін Педроту денсаулығына орай клубтан кететінін жариялады. Педротусыз клуб Кубок және Суперкубокта жеңіске жетеді.


Келесі маусымда бас бапкер боп Артур Жорже тағайындалады. Оның баптауымен клуб екі мәрте Португалия чемпионы атанады. 1986-87 жж. Еуропа чемпиондар Кубогында Порту жеңіске жетеді. Финалда Порту Баварияны 2:1 есебімен жеңді. Келесі маусымда Томислав Ивичтың басшылығымен клуб УЕФА Суперкубогын және ФИФА Құрлықаралық Кубокты жеңіп алады.

Три, тетра және пента (1988-2001)

1988-89 жж. маусымда Порту ешқандай титулға қол жеткізбейді. Келесі жылы бас бапкер боп Артур Жорже қайта тағайындалады. Оның басшылығымен клуб чемпионатта, Кубокта және Суперкубокта жеңіске жетеді. Оның ізбасары Карлос Альберто Силва клубқа алғашқы Чемпиондар лигасында өнер көрсетуге жолдама алып берді.

Бобби Робсон - Порту клубының 1993-94 жж. маусымындағы бас бапкері

1993-94 жж. маусымда клуб бас бапкері боп ағылшын Бобби Робсон тағайындалды. Оның басшылығымен клуб екі мәрте Португалия чемпионы, Кубок иегері және Суперкубок жеңімпазы атанады. Робсонмен бірге клуб 1993-94 жж. Чемпиондар лигасында жартылай финалға дейін жетеді.

Робсонның Барселонаға кеткенінен кейін жаңа бас бапкері боп Антонио Оливейру тағайындалды. Оның басшылығымен бес мәрте Португалия чемпионы боп пентаға қол жеткізеді. Келесі маусымды клуб алтыншы мәрте чемпиондыққа жете алмай клуб басшылығы Оливейруды бас бапкерліктен қуады.

Моуриньо кезеңі (2001-2004)

Жозе Моуриньо - 21 ғасырындағы Портуның үздік бапкері

2001 жылы клуб сол кездегі Униао Лейрия клубының бас бапкері Жозе Моуриньомен келісім-шартқа отырады. 2002/03 жж. маусымда Порту үш бірдей титулға - Португалия чемпиондығына, Португалия Суперкубогына және УЕФА Кубогына ие кетеді.

Порту клубының 2004 ж. Чемпиондар лигасының финалындағы құрамы

Келесі маусымды Порту Суперкубокты жеңумен бастады. Бірнеше апта өткен соң клуб УЕФА Суперкубогында Миланнан жеңіліп қалды. Осы маусымда Порту екінші мәрте Португалия чемпионы атанды. 2003/04 жж. Чемпиондар лигасының финалында клуб Монаконы жеңді (есеп 3:0).

Моуриньодан кейін (2004-2010)

Клубтан Моуриньо кеткен соң, Порту сапынан көптеген футбол жұлдыздары басқа клубтарға кете бастады. 2004 жылда Порту басшылығында үш бірдей бапкер болды, олар:Луиджи Дельнери, Виктор Фернандеш және Жозе Кошейру. Фернандеш кезінде клуб Суперкубок және Құрлықаралық Кубогына қол жеткізеді. Бірақ Порту УЕФА Суперкубогында Валенсияға, ал Чемпионат пен Кубокта Бенфикаға есе жіберіп қояды.

2005-06 жж. маусымда клубты голландтық бапкер Ко Адриаансе баптады. Ол клубты қайта құрап, Портуны қайтадан Португал грандтар сапына алып келеді. Осы жылы клуб Чемпионатты жеңіп, Кубоктың финалына дейін жетеді. Бірақ Порту Чемпиондар лигасында топтық кезеңде-ақ шығып қалады.

2006-07 жж. маусымда клуб бас бапкері боп Жезуальдо Феррейра тағайындалды. Осы жылы клуб Чемпионатт пен Суперкубокты жеңіп, Кубоктың финалына дейін жетеді. Португалияның футбол федерациясы құқықтық зерттеулерден кейін, шарттық матчтарға қатынасты Порту жинаған ұпайлардан 6 ұпайды алып тастайтынын шешті. Бірақ бұл шешім осы жылғы чемпионатта орналасу орнына еш әсер етпейтінін мәлімдеді.

Портуның 2008-09 жж. чемпиондығын тойлауы

2008-09 жж. маусымда клуб жанкүйерлері Портудан алтыншы мәрте чемпионатты және Кубокты жеңуді бұйырды. Бұл мақсатты орындау кезінде Феррейра осы маусымдағы Суперкубок пен Кубокта жеңіске жетті, алайда клуб чемпионатта Бенфикадан үш ұпайға қалып қойды. Осыдан кейін клуб басшылығы Феррейраны отставкаға жіберуді шешті.

Виллаш-Боаш және одан кейінгі жылдар (2010-қазіргі уақытқа дейін)

2011 жж. Еуропа лигасының финалының салтанатты ашылуы

2010 жылы клуб бас бапкері боп бұрынғы Моуриньоның көмекшісі Андре Виллаш-Боаш тағайындалды. Андре Виллаш-Боашпен клуб осы маусымда Кубокқа, чемпионат чемпиондығына және Еуропа лигасында жеңуіне қол жеткізді. Клубта осы маусымда Жоао Моутиньо, Радамель Фалькао және Халк сияқты жаңа жұлдыздар шықты.

Виллаш-Боаш Челсиге кеткен соң, клубтың жаңа бапкері боп Витор Феррейра тағайындалды. Оның басшылығында клуб тек қана чемпионатта жеңіске жетті. Порты осы маусымда УЕФА Суперкубогында жеңіліске ұшырап, Кубокта және Чемпиондар лигасында әлдеқайда ерте шығып қалды.

Осыдан кейінгі маусымда Порту Португалия чемпионы атанды. Чемпиондар лигасында клуб 1/16 финалында Малагаға жеңіліп шығып қалды.

Дербилер

Клубтың басты қарсыластарымен ойындары дербиге айналған. Бұлар: «Бенфика» клубымен ойын - Классико (порт. O Clássico) және «Спортинг» клубымен ойын - Дерби (порт. Derby).

Жетістіктері

Ішкі

Чемпион (30): 1934/35, 1938/39, 1939/40, 1955/56, 1958/59, 1977/78, 1978/79, 1984/85, 1985/86, 1987/88, 1989/90, 1991/92, 1992/93, 1994/95, 1995/96, 1996/97, 1997/98, 1998/99, 2002/03, 2003/04, 2005/06, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2017/18, 2019/20, 2021/22
Вице-чемпион (27): 1935/36, 1937/38, 1940/41, 1950/51, 1953/54, 1956/57, 1957/58, 1961/62, 1962/63, 1963/64, 1964/65, 1968/69, 1974/75, 1979/80, 1980/81, 1982/83, 1983/84, 1986/87, 1988/89, 1990/91, 1993/94, 1999/00, 2000/01, 2014/15, 2016/17, 2018/19
  • Португалия Кубогы
Жеңімпаз (19): 1921/22, 1924/25, 1931/32, 1936/37, / 1955/56, 1957/58, 1967/68, 1976/77, 1983/84, 1987/88, 1990/91, 1993/94, 1997/98, 1999/00, 2000/01, 2002/03, 2005/06, 2008/09, 2009/10, 2010/11, 2019/20, 2021/22, 2022/23
Финалист (12): 1923/24, 1930/31, / 1952/53, 1958/59, 1960/61, 1963/64, 1977/78, 1979/80, 1980/81, 1982/83, 1984/85, 1991/92, 2003/04, 2007/08, 2015/16, 2018/19
  • Португалия Суперкубогы
Жеңімпаз (22) (рекорд): 1981, 1983, 1984, 1986, 1990, 1991, 1993, 1994, 1996, 1998, 1999, 2001, 2003, 2004, 2006, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2018, 2020
Финалист (9): 1979, 1985, 1988, 1992, 1995, 1997, 2000, 2007, 2008
  • Португалия Лига Кубогы
Финалист (2): 2009–10, 2012–13
  • Португалия чемпионаты
Жеңімпаз (4) (рекорд): 1921-1922, 1924–25, 1931–32, 1936–37
Финалист (2): 1923–24, 1930–31

Дүниежүзілік

Жеңімпаз (2): 198687, 200304 жылдар
Жеңімпах (2): 2002–03, 2010–11
Финалист (1): 198384
Жеңімпаз (1): 1987
Финалист (3): 2003, 2004, 2011
Жеңімпаз (2): 1987, 2004

Сілтемелер

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!