Пешковка — Қостанай облысы Фёдоров ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Пешков ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Фёдоровка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 км жерде.
Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 3564 адам (1830 ер адам және 1734 әйел адам) болса, 2009 жылы 2912 адамды (1418 ер адам және 1494 әйел адам) құрады.[1]
Тарихы
Іргесі 1901 жылы қаланған. 1939–59 жылдары ұжымшардың, 1960 жылдан астық кеңшарының орталығы болды. Кеңшар негізінде 1996 жылы Пешковкада астық өндірумен айналысатын бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл Қостанай — Челябинск автомобиль және темір жол бойында орналасқан[2].
Дереккөздер