Петр Яковлевич Авров

Авров Петр Яковлевич (24.6. 1899, қазіргі Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке а. – 5.5.1968, Алматы қаласы) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), Қазақстан Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1961).

Ленинград тау-кен институтын бітірген (1927). Геологиялық барлау партиясының бастығы (1928–30), цех бастығы (1930–32), «Ембімұнай» геол. барлау тресінің (1932–42), «Қазмұнайбарлау» тресінің (1942–56) бас геологы, ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі (1956–59), Қазақстан Ғылымдар Академиясының Геол. ғылымдар институтында сектор меңгерушісі (1959–68) болды. А. – Каспий маңы ойпатының геологиясын, мұнай мен газ қорларын зерттеді. Атырау обл-ндағы Қосшағыл, Құлсары, Қошқар; Ақтөбе обл-ндағы Кеңқияқ, Бозой мұнай-газ кендерін ашуға қатысты. Негізгі ғылыми еңбектері мұнай және газ кендері геологиясы мен кендерді іздестіру-барлау әдістеріне арналған. Ленин орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Шығ.: Большая Эмба, М.-Л., 1936; Механизм образования солянокупольных структур Северо-Каспийской впадины, А., 1959; Геологическое строение и перспективы нефтегазоносности Актюбинского Приуралья и Западного Мугоджарья, А., 1967.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!