Петр Емельянович Маковецкий

Маковецкий Петр Емельянович (туған жылы - өлген жылы белгісіз) — этнограф.

Қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарын зерттеген. Семей облысы статистикалық комитеттің құрметті мүшесі болған. Семей қаласының бітістіруші судьясы қызметін атқарған. Маковецкий Семейге жер аударылған Ресей интеллигенттері С.С. Гросс, А.Л. Блек, А.А. Леонтьев, Н.И. Долгополов, П.Д. Лобановский, Е.П. Михаэлис, т.б. кісілермен достық қарым-қатынаста болып, оларды этнографиялық зерттеу жұмысына тартқан. Ол Абайдан қазақтың бұрынғы билік заңдарын, жол-жораларын жазып алған.

  • 1886 жылы Маковецкийдің басшылығымен “Қырғыздардың заңдық әдет-ғұрыптарын оқып-үйренуге арналған материалдар” атты кітап шығарды.
  • 1887 жылы Семей статистикалық комитетінің жалпы жиналысында облыс этнографиясын зерттеу жөнінде Маковецкий ұсынған бірнеше ғылыми жоспарға сәйкес Семей мұражайына көптеген этнографиялық заттар жиналды.
  • Олардың 30-ға жуығы 1887 жылы Екатеринбургтегі Сібір-Орал ғылыми-құрылыс көрмесіне қойылды.[1]

Дереккөздер

  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!