Поулиньо футболдық мансабын алғашында мини-футболда бастап, жергілікті Сан-Паулудың «Португеза» футол секциясында өнер көрсетті. 2006 жылы «Пан де Асуар» клубында өнер көрсете бастады. Осы жылы негізгі құрамға көшсе де, тез арада «Вильнюс» ФК жалға берілді. Литовтық клубта жақсы өнер көрсеткенімен, клубта финанс тұрғысынан мәселелер пайда бола бастады.Кейін бағын белоруссиялық «Неманда» сынап көрді, алайда клубтың басшылары ол клубқа сәйкес келмейтінің жариялады. Одан кейін «Лодзь» клубына көшіп кетті. Польша чемпионатында 17 матч өткізіп, кейін қайта «Пан де Асукарға» оралды.
2009 жылы Бразилия чемпионатының Б сериясындағы Брагантино клуына ауысып кетті. Осы клубта жүріп, оған басқа да клубтар қызықты. Оның бірі «Коринтиасе» клубы еді, 2010 жылы тап осы клубқа ауысып кетті.
Кейінірек Паулиньо команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды. 2011 жылы командасына Бразилия чемпионатын жеңіп алуға көмектесті, осының арқасында оған итальяндық «Рома» мен «Интер» қызықты. Алайда Паулиньо 2012 жылы Либертадорес Кубогіне қатысу үшін клубта қалуды жөн көрді. Жозе өз мақсатына жете алды, Коринтианс алғаш рет осы турнирде финалға дейін жете алып, өздерінің басты қарсыластары «Боку Хуниорсты» жеңе алды. Сондай-ақ Паулиньоосы турнирдің барлық ойындарына қатысқан 6 ойыншының бірі атанды. Ол турнирдің топтық ойындарында гол, плей-офф стадиясында 2 гол, және 1/4 финалда жеңістік голды Васко да гама клубына соқты. Паулиньо турнирде 3 гол соқандықтан, ең үздік бомбардирлер арасына кірді. Одан көп гол тек Данило (4 гол) және Эмерсон Шейх (5 гол) соқты.