Жылыжай газдары — инфрақызыл диапазондағы радиацияны сіңіріп, қайта тарататын атмосферадағы кез-келген газ. Ол осылайша Жер беті мен атмосфераны жылыта түседі. Жер атмосферасындағы ең маңызды жылыжай газдарына көміртек диоксиді, метан және су буы жатады.
Қоршаған ортаға әсері
Озон қабатының жұқаруы
Жылыжай газдары атмосфераға фабрика мен зауыттардан шығарылып, озон қабатының жұқаруына алып келеді. Озон қабатының құрамына оттегінің аллотропиялық түрі озон кіреді. Бұл қабат Жерді Күннен келетін зиянды ультракүлгін сәулелерінен қорғайды.Ол ультракүлгін сәулелерінің 97-99 %-ын өзіне сіңіріп алып, қалғанын кеңістікке шағылдырып жібереді. Зиянды ультракүлгін сәулелері тері ісігін, шелдерді және өзге де қатерлі ауруларды тудырады, егін түсіміне және суға кері әсерін тигізеді. 1985 жылы үш британдық ғалым Джозеф Фарман, Брайан Гардинер және Джонатан Шанклин озон қабаты тесігін алғаш байқаған болатын. Қазіргі кезде озон тесігі тіпті Антарктиканың үстінде де қалыптасты. Ғалымдардың болжауынша, егер жылыжай газдары шығарылуын тоқтатса, елу жыл ішінде озон қабаты қайта қалпына келеді. Алайда, бүгінгі таңда бұлай болуы екіталай.
Ғаламдық жылыну
Ғаламдық жылыну – жердің бетіндегі орташа температураның артуы. Соңғы жүз жылда температурасы шамамен 0, 6 ºС-қа артты. Жылыжай газдары сол ғаламдық жылынудың басты себептерінің бірі болып тұр. Олар инфрақызыл диапазондағы радиацияны сіңіріп, қайта таратып, жер бетіндегі қалыпты температураның өзгерісіне алып келеді. Ғаламдық жылыну өз кезегінде мынадай салдарды тудырады: климаттың өзгеруі, жылу толқындарының жиі болуы, теңіз деңгейінің көтерілуі, мұздықтардың еруі, тасқындар, құрғақшылықтар мен дақылдардың шықпай қалуы секілді табиғи зардаптар.
Жылыжай газдарын түгендеу
2007 жылы Экологиялық кодекс енгізіліп, жылыжай газдарының шығарындыларын реттеу бойынша талаптарды белгілейтін бірқатар заңға бағынышты нормативтік құқықтық құжаттар шыққаннан кейін ҚҚЭА өнеркәсіп орындары үшін жылыжай газдарының шығарындыларын түгендеу бойынша жобаларды орындайды және жылыжай газдарын түгендеу төлқұжаттарын дайындайды. Әрбір нақты кәсіпорын үшін шығарындыларды бағалау әдістемесіне ерекше назар аударылады. Жобалар ҚР әдістемелік құжаттарына сәйкес, сондай-ақ халықаралық стандарттар мен нұсқауларды пайдалану арқылы орындалады[1][2].
Климаттық өзгерістерге қарсы күрес бойынша қабылданған міндеттемелерді іске асыру шеңберінде "Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы әзірленді.[3]
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- ↑ Twig - Оқытатын фильмдер
- ↑ Парникті газдар, Kape.kz Мұрағатталған 21 мамырдың 2015 жылы.
- ↑ НПИ "Экология будущего" - Парниковые газы / Парниктік газдар https://npieco.kz/services/ekologicheskoe-proektirovanie/inventarizaciya-istochnikov-vybrosov-parnikovyh-gazov/